(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖҮРГІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛ...

Балық шаруашылығын жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-05/290 бұйрығы

(2023.21.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2025 ж. 10 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 9-бабы 1 тармағының 58) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған Балық шаруашылығын жүргізу қағидалары бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 31 наурыздағы

№ 18-05/290 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Балық шаруашылығын жүргізу

қағидалары

 

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023.07.02. № 35 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 21 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.