«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны іске асыратын көрсетілетін қызметке бағаның мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі аппарат басшысының 2021 жылғы 9 сәуірдегі № 158 бұйрығы
(2022.07.11. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-ІV Қазақстан Республикасы Заңының 156-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны іске асыратын қызметтің бағасы белгіленсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы М.Т. Мелдебековаға жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.