«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 379-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 16 маусымдағы № 292-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 379-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы
Мәдениет және
ақпарат министрінің
2023 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 379-НҚ бұйрығымен
бекітілген»;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;»;
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау, бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату субъектілерінің қызметін лицензиялау жолымен масс-медиа саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Функциялар:
1) жалпы функциялар:
стратегиялық:
Комитет құзыреті шегінде Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысу;
Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;