«Магистральдық теміржол желiсiн пайдалану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 366 бұйрығы (2023.31.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Магистральдық теміржол желiсiн пайдалану қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 366 бұйрығы

(2023.31.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасының «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған магистральдық теміржол желiсiн пайдалану қағидалары бекiтілсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

1) осы бұйрықты заңнамамен бекітілген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастыруды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев

2015 жылғы 30 сәуір

 

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің міндетін атқарушының

2015 жылғы 27 наурыздағы

№ 366 бұйрығымен

бекітілген

 


Магистральдық темiржол желiсін пайдалану
қағидалары

 

 

1. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.