«Кәсіптік біліктілікті тануға арналған біржолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 380 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2025 жылғы 30 шілдедегі № 230 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кәсіптік біліктілікті тануға арналған біржолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 380 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33404 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіптік біліктілікті тануға арналған біржолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларында:
2-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) Ұлттық біліктілік жүйесі (бұдан әрі - ҰБЖ) - біліктілікке еңбек нарығы тарапынан сұранысты және біліктілікке білім беру, оның ішінде информалды білім беру жүйесі тарапынан ұсынысты реттеу мен келісудің құқықтық және институционалдық құралдары мен тетіктерінің кешені.»;
2-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) үміткер - еңбек мобильділігі орталығында (мансап орталығында) жұмыссыз ретінде тіркелген және біржолғы ваучер алуға үміткер адам.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мансап орталығы кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өтуге ниет білдірген үміткерге Кәсіптер тізіліміне сәйкес кәсіпті және мәліметтері ҰБЖ цифрлық платформасында орналастырылған тану орталығын таңдауда консультациялық көмек көрсетеді.
Біржолғы ваучер алу үшін үміткер ағымдағы жылғы 1 қарашаға дейін ҰБЖ цифрлық платформасындағы жеке кабинетінде мынадай құжаттарды ұсынады: