«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы Әдеп жөніндегі кеңестерінің құрамдарын бекіту туралы» 2019 жылғы 14 тамыздағы № 146 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Аппарат басшысының 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 81 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 156 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ереженің 13 және 15-1-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы Әдеп жөніндегі кеңестерінің құрамдарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Аппарат басшысының міндетін атқарушының 2019 жылғы 14 тамыздағы № 146 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген бұйрыққа 6-қосымшада:
Агенттіктің Жамбыл облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің құрамына:
| Болат Нургазыевич Жилкибаев | - | Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы енгізілсін; |
жоғарыда аталған Кеңестің құрамынан А.Х. Аширбаев шығарылсын;
2) көрсетілген бұйрыққа 10-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3) көрсетілген бұйрыққа 13-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
| Аппарат басшысы | Ә. Ахмедьяров |
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Аппарат басшысының
2022 жылғы 21 сәуірдегі
№ 81 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Аппарат басшысының м.а.
2019 жылғы 14 тамыздағы