«Авиациялық персоналдың біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 763 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 28 маусымдағы № 460 бұйрығы

«Авиациялық персоналдың біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 763 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 28 маусымдағы № 460 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Авиациялық персоналдың біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 763 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8786 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің № 33 (28257) санында 2014 жылғы 18 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

4-тармақтын 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) емтихан алушы (бағалаушы) - тиісті біліктілігі бар, куәліктер/біліктілік белгілерін беру/мерзімін ұзарту және өздігінен қызмет етуге рұқсат беру мақсатында авиациялық персоналдың; мамандардың теоретикалық білімін және/немесе практикалық дағдысын бағалауды жүргізуге уәкілетті және азаматтық авиация саласындағы ұйым тағайындаған жеке тұлға;»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Ұшқыштар үшін емтихан алушылардың мынадай тағайындаулар айқындалады:

1) ұшу емтиханын алушы - (FE).

2) ӘК типі бойынша емтихан алушы - (ТRE).

3) ӘК сыныбы бойынша емтихан алушы - (СRE).

4) аспап бойынша ұшуға жөніндегі рұқсат беру емтихан алушы - (IRE).

5) жаттықтыру емтихан алушы - (SFE).

6) ұшу нұсұқаушыларынан емтихан алушы - (FIE).»;

15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Әуе кемесінің көп мүшелік экипажының «ұшақ» - ТRE(А) типі бойынша біліктілігін алуға кандидаттың көп мүшелік экипажы бар әуе кемесінің ұшқышы ретінде кемінде 1500 ұшу сағаты бар, олардың кемінде 500 сағаты ӘК командирі ретінде және ТRI(A) біліктілігіне ие.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.