«Денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-212/2020 бұйрығы (2025.03.08. берілген өзгерістермен)

Денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-212/2020 бұйрығы

(2025.03.08. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2025.18.07. № 69 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 3 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтаук министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 77) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) әдістемесі бекітілсін.

2. «Денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 912 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12470 болып тіркелді, 2015 жылы 31 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген заңнамалық тәртіпте мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.