«Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрінің «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылдың 30 қаңтарындағы № 9-1/71 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 2 наурыздағы № 58 бұйрығы

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрінің «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылдың 30 қаңтарындағы № 9-1/71 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 2 наурыздағы № 58 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрінің «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылдың 30 қаңтарындағы № 9-1/71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12183 болып тіркелген, 2015 жылдың 17 қарашасында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларында:

3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Кепілдік бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қызмет түрлері бойынша және мынадай талаптарға сәйкес келетін кредиттік шарттар бойынша жүзеге асырылады:

1) банктер инвестицияларға және айналым қаражатын толықтыруға беретін (оның ішінде жаңартылатын негізде), бұл ретте айналым қаражатының мөлшері кредит сомасының 50 (елу) пайызынан (бұдан әрі - %) аспайды. Егер осы кредиттің мөлшері қарыз алушының жалпы кредиттелетін сомасының 50 (елу) %-ынан аспаса, 100 (жүз) % айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредит бойынша кепілдікті субсидиялауға жол беріледі;

2) кредит мерзімі - 10 (он) жылдан аспайды;

3) сыйақы мөлшерлемесі немесе ислам қағидаттарында қаржыландыруға қолданылатын кірістілік мөлшерлемесі теңгемен жылдық 17 (он жеті) %-дан артық емес мөлшерде;

4) кредит валютасы - теңге;

5) жеңілдікті кезең өткеннен кейін негізгі борышты жыл сайын тең үлестермен өтеумен

6) ең жоғары сомасы 5 (бес) миллиард теңгеден артық емес;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.