Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 10-НҚ Нормативтік қаулысы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Есеп комитетінің кейбір нормативтік қаулыларына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген):
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Тиімділік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:
4-тарау алып тасталсын;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Аудиторлық іс-шараны алдын ала зерделеу және жоспарлау кезеңінде жүргізілетін тиімділік аудитінің бағытын немесе мемлекеттік аудит объектісінің қызметін зерделеу жоспарлау кезеңінде жүргізілген талдамалық рәсімдердің жалғасы болып табылады. Осы кезеңде зерделеу процесі аудиторлық іс-шараның белгілі бір тақырыбына байланысты мемлекеттік аудит бағытының немесе мемлекеттік аудит объектісі қызметінің белгілі бір аспектілерінде барынша нақтыланған және шоғырландырылған және аудит құжаттарын әзірлеуге бағытталған болып табылады.»;
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Аудиторлық іс-шараның мақсаты Қағидаларда айқындалған тәртіппен Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру сатысында тиімділік аудиті тақырыбының негізінде қалыптастырылады.»;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: