«Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 242 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 4 маусымдағы № 94 Қаулысы

 «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 242 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 4 маусымдағы № 94 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілеу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 242 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7977 болып тіркелген, 2012 жылғы 27 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 852-856 (27927) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларында:

1 және 2-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар»;

«2-тарау. Ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу»;

3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 15-30-дағы жағдай бойынша қалыптасқан орташа алынған биржалық бағамы ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты сауда-саттық жүргізілген күннен кейінгі келесі жұмыс күніндегі ресми бағамы ретінде белгіленеді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.