(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРҒА МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНДА ТИЕСІ...

Осы редакция 2016 жылғы 15 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Ақмола облысы әкімдігінің

2015 жылғы 26 маусымдағы

№ А-7/298 қаулысымен

бекітілді

 

 

«Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын

мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша

функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының білім бөлімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО), «электронды үкімет» www.egov.kz (бұдан әрі - Портал) веб-порталы арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша беретін анықтамасы не Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген «Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады (бұдан әрі-Стандарт).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.