«Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Маңғыстау - құм қорғаны» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 8 мамырдағы № 109 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2026 жылғы 3 ақпандағы № 9 Қаулысы
Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Маңғыстау - құм қорғаны» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 8 мамырдағы № 109 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-тармағының бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«Мекеменің тұрған жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы, Қызылтұран шағын ауданы, 250-үй, индекс 130400.»;