(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖЕРЛЕУ ЖӘНЕ ҚАБІРЛЕРДІ ҚАРАП-КҮТ...

Атырау облысындағы жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастырудың Қағидаларын бекіту туралы
Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 16 шілдедегі № 343-VI шешімі

(2022.20.06. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 14 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес VI шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезектен тыс XXXIIIсессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған Атырау облысындағы жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастырудың қағидалары бекітілсін.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А. Абдолов) жүктелсін.

3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы

С. Құлғалиев

 

Мәслихат хатшысы

Ө. Зинуллин

 

Атырау облыстық мәслихатының 2022.20.06. № 163-VII шешімімен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

Атырау облыстық мәслихатының

2019 жылғы 16 шілдедегі

№ 343-VI шешімімен бекітілген

 

 

Атырау облысындағы жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастырудың

қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Атырау облысындағы жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастырудың қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 48 «Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18771 тіркелген) сәйкес әзірленді және жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың тәртібін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.