«Ұсталған тауарларды өткізу, жою немесе өзге де пайдалану, сақтау жөніндегі шығыстарды өтеу, сондай-ақ оларды өткізуден түсетін сомаларды қайтару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 567 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 592 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұсталған тауарларды өткізу, жою немесе өзге де пайдалану, сақтау жөніндегі шығыстарды өтеу, сондай-ақ оларды өткізуден түсетін сомаларды қайтару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 567 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер тізімінде № 12392 болып тіркелген, «Әділет» ақпарттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 желтоқсанда жарияланған) бұйрығы күші жойылды деп танылсын.