«Резидентурада мемлекеттік тапсырысты орналастыру, оқуға қабылдау және медицина кадрларын даярлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-270/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2025 жылғы 28 тамыздағы № 85 бұйрығы

«Резидентурада мемлекеттік тапсырысты орналастыру, оқуға қабылдау және медицина кадрларын даярлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-270/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2025 жылғы 28 тамыздағы № 85 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Резидентурада мемлекеттік тапсырысты орналастыру, оқуға қабылдау және медицина кадрларын даярлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-270/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21802 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген резидентурада медициналық кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларында:

2 - тармақта:

мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) резидент-әскери дәрігер - медициналық ұйым тәлімгерінің қадағалауымен резидентураның білім беру бағдарламасы шеңберінде оқитын әскери қызметші;»;

мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

«4-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті (бұдан әрі - ұлттық қорғаныс университеті) - Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымы;»;

16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Білім беру ұйымдарын, ғылыми орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттарын айқындау және резидентурада медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру кезінде Комиссия мынадай негізгі өлшемшарттарды басшылыққа алады:

1) резидентураның білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға қойылатын талаптарға сәйкес келетін білім беру процесін кадрлық қамтамасыз ету;

2) әлемдік ғылыми және білім беру ресурстарына қол жеткізу;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.