ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Гонконг арнаулы әкімшілік ауданы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімге қол қою туралы
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Гонконг арнаулы әкімшілік ауданы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.