«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 3 маусымдағы № 295-VIII Заңы (қолданысқа енген жоқ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ

 

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:

1) 1-баптың 1-тармағының 41) тармақшасы «демалыс кестелері» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ еңбек қатынастарын жəне еңбек қатынастарымен тікелей байланысты басқа да қатынастарды реттейтін өзге де актілер» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 4-бапта:

тақырыптағы жəне бірінші абзацтағы «қағидаттары» деген сөз «негізгі қағидаттары» деген сөздермен ауыстырылсын;

11) тармақшадағы «реттеу болып табылады.» деген сөздер «реттеу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

«12) жұмыскердің еңбек саласында өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетінің құрметтелу жəне қорғалу құқығын қамтамасыз ету.»;

3) 18-бап мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2) жəне 7-3) тармақшалармен толықтырылсын:

«7-1) тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің өңірлік деңгейінде əлеуметтік əріптестікті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

7-2) əлеуметтік-еңбек қатынастары саласында мемлекеттік еңбек инспекциясымен, жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды;

7-3) əлеуметтік əріптестік пен əлеуметтік жəне еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссиялардың жұмысын ұйымдастырады;»;

4) 22-баптың 1-тармағы 26) тармақшасындағы «жасасуға құқығы бар.» деген сөздер «жасасуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 27) тармақшамен толықтырылсын:

«27) жеке өміріне қол сұғылмауына, еңбек саласында өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетінің құрметтелуіне жəне қорғалуына құқығы бар.»;

1-тармағының 5) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

5) 23-баптың 2-тармағының 26-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«26-1) жұмыскерге Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында айқындалған тəртіппен жəне көлемде жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысын сақтай отырып, скринингтік зерттеулерден өту үшін демалыс беруге жəне оны скринингтік зерттеулерден өтуге жіберу жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.

Скринингтік зерттеулерден өту үшін демалыс бермеу Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауаптылыққа алып келеді;»;

6) 25-бапта:

тақырыптағы «кезі» деген сөз «кезіндегі құқықтар мен» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мəн-жайлары бар адамның талап етуі бойынша жұмыс беруші еңбек шартын жасасудан бас тарту себебін жазбаша түрде хабарлауға міндетті.»;

7) 30-бапта:

1-тармақтың 2) тармақшасында:

үшінші бөліктегі «Егер еңбек шартының қолданылу мерзімі өткен жағдайда тараптардың ешқайсысы» деген сөздер «Еңбек шартының қолданылу мерзімі өткен жағдайда, егер тараптардың ешқайсысы, жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңін немесе оның əлеуметтік демалыста болу кезеңін қоспағанда,» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

«Егер соңғы жұмыс күні (ауысым) жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңімен немесе оның əлеуметтік демалыста болу кезеңімен тұспа-тұс келсе, жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңі немесе оның əлеуметтік демалыста болу кезеңі аяқталған күннен кейінгі күн соңғы жұмыс күні (ауысым) болып есептеледі.»;

алтыншы бөліктегі «төртінші жəне бесінші» деген сөздер «бесінші жəне алтыншы» деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақта:

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысымен жасалған еңбек шартының қолданылу мерзімі өткен жағдайда, егер тараптардың ешқайсысы, оның еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңін немесе əлеуметтік демалыста болу кезеңін қоспағанда, еңбек шартының қолданылу мерзімі өткенге дейін соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей еңбек қатынастарын тоқтату туралы хабардар етпесе, еңбек шарты құрылтайшылардың, заңды тұлға мүлкінің меншік иелерінің немесе олар уəкілеттік берген тұлғалардың (органның) не заңды тұлғаның уəкілетті органының жаңа басшыны не сол адамның өзін сайлау (тағайындау, лауазымға бекіту) туралы шешімінде ұзартудың өзге мерзімі белгіленбесе, көрсетілген шешім қабылданғанға дейінгі мерзімге ұзартылады.»;

мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Егер соңғы жұмыс күні заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңімен немесе оның əлеуметтік демалыста болу кезеңімен тұспа-тұс келсе, басшының еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңі немесе оның əлеуметтік демалыста болу кезеңі аяқталған күннен кейінгі күн соңғы жұмыс күні болып есептеледі.»;

5-тармақтағы «төртінші» деген сөз «бесінші» деген сөзбен ауыстырылсын;

8) 43-баптың 1-тармағындағы «еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актісінде жазылған шарттармен оны» деген сөздер «оны, егер келісімдерде, ұжымдық шартта жұмыскердің жағдайын жақсартатын өзге талаптар көзделмесе,» деген сөздермен ауыстырылсын;

9) 46-баптың 2-тармағы «кешіктірмей» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда (қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куəландырылған электрондық құжат нысанында)» деген сөздермен толықтырылсын;

10) 51-баптың 2-тармағы «жұмыскерді алмастыру» деген сөздерден кейін «, маусымдық жұмысты орындау» деген сөздермен толықтырылсын;

11) 56-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Осы бапта көрсетілген хабардар ету мерзімі өткен соң, материалдық жауапты адамдардың кінəсінен жұмыс берушінің мүлкін (құжаттамасын) қабылдау-беру аяқталмаған жағдайлардан басқа, жұмыскер жұмысты тоқтатуға құқылы, ал жұмыс беруші жұмыскерге еңбек қызметіне байланысты құжаттарды, сондай-ақ жұмыскерге тиесілі ақшалай төлемдерді осы Кодексте көзделген тəртіппен беруге міндетті.

Жұмыс берушінің мүлкін (құжаттамасын) қабылдау-беру аяқталған күн материалдық жауапты адамдармен еңбек шартын бұзған күн болып табылады.

Жұмыс беруші хабардар ету мерзімі ішінде материалдық жауапты адамдарменмүлікті(құжаттаманы) қабылдауды-беруді жүзеге асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға міндетті.»;

12) 57-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы «, сондай-ақ пана іздеген адамға босқын мəртебесін беруден бас тартылған не босқын мəртебесін ұзартудан бас тартылған жағдайда не босқын мəртебесінен айырған немесе ол тоқтатылған жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын;

13) 65-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:

«Тəртіптік жазаның түрін айқындау кезінде жұмыс беруші жасалған тəртіптік теріс қылықтың мəнін, сипаты мен ауырлығын, оны жасаудың мəн-жайларын, жұмыскердің өкіну дəрежесін ескереді.»;

14) 125-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«125-бап. Медициналық қарап-тексеруге жіберілетін жұмыскерлер үшін кепілдіктер

Медициналық қарап-тексеруден Қазақстан Республикасының заңнамасына, келісімге, ұжымдық шартқа сəйкес өтуге міндетті жұмыскерлердің олардан өту уақытында жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.

Ауысым алдындағы медициналық куəландырудан Қазақстан Республикасының заңнамасына, келісімге, ұжымдық шартқа сəйкес өтуге міндетті жұмыскердің одан өтуге жұмсаған уақыты ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің актісінде айқындалған мөлшерде орташа күндік (сағаттық) жалақы есепке алынып төленеді.»;

15) 154-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Əлеуметтік əріптестік тараптары келісімдердің іске асырылуы жөніндегі есепті тыңдайды.»;

16) 159-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі «коммерциялық емес ұйымның» деген сөздерден кейін «, шетелдік заңды тұлғаның филиалы мен өкілдігінің» деген сөздермен толықтырылсын;

17) 165-баптың 4-тармағы «органдармен» деген сөзден кейін «, жергілікті атқарушы органдармен» деген сөздермен толықтырылсын;

18) 182-баптың 2-тармағы 18) тармақшасындағы «жүзеге асыруға міндетті.» деген сөздер «жүзеге асыруға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:

«19) пайдаланудағы барлық негізгі қорларды еңбек қауіпсіздігінің жəне еңбекті қорғаудың қолданыстағы нормалары мен қағидаларына сəйкес келтіруге міндетті.

Пайдаланудағы негізгі қорлар деп ғимараттарды (құрылысжайларды), машиналарды, жабдықтарды, көлік құралдарын жəне өзге де еңбек құралдарын қоса алғанда, өндірістік қызмет процесінде тікелей қолданылатын объектілер түсініледі.»;

19) 193-бапта:

6) тармақшаның бірінші жəне екінші бөліктеріндегі «талап арыз» деген сөздер «талап қою» деген сөздермен ауыстырылсын;

11) тармақшадағы «талап арыздарды» деген сөздер «талап қоюларды» деген сөздермен ауыстырылсын;

20) 194-бап 9) тармақшасындағы «жүргізуге міндетті.» деген сөздер «жүргізуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

«10) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау жəне олардың біліктілігін арттыру тəртібіне сəйкес еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау, əлеуметтік əріптестік саласында қажетті даярлығы болуға жəне өзінің біліктілігін ұдайы арттырып отыруға міндетті.»;

21) 195-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігіндегі «талап арыз» деген сөздер «талап қою» деген сөздермен ауыстырылсын;

22) 203-баптың 5-тармағы алып тасталсын;

23) 22-тарау мынадай мазмұндағы 203-1-баппен толықтырылсын:

«203-1-бап. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор

1. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің шешімімен бекітіледі.

2. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың:

1) жұмыс берушілерден жəне ұйымның өзге де лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты сұратуға жəне алуға;

2) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында ұйымның құрылымдық бөлімшелеріне баруға;

3) жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігінің жəне еңбекті қорғаудың жай-күйін тексерулерге қатысуға;

4) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жағдайларын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізуге жəне жұмыскерлермен еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге;

5) ұйымның ішкі актілеріне еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөнінде ұсыныстар енгізуге;

6) осы Кодексте, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор туралы үлгілік ережеде, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің шешімінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

3. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыруының тəртібі еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор туралы үлгілік ережеде, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің шешімінде айқындалады.

Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың еңбегіне ақы төлеу тəртібі ұжымдық шартта айқындалуы мүмкін.».

2-тармақ 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

2. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:

87-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Жұмыскердің бекітілген жері бойынша медициналық ұйым цифрлық технологиялар арқылы:

1) жұмыскерді скринингтік зерттеулерден өту қажеттігі туралы хабардар етеді;

2) жұмыс берушіге скринингтік зерттеулерге жататын жұмыскерлер бойынша мəліметтер жібереді.».

3. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:

«39-1) өз құзыреті шегінде еңбек, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді;»;

2) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 34-1) тармақшамен толықтырылсын:

«34-1) өз құзыреті шегінде еңбек, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді;».

2-бап. Осы Заң 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 5) тармақшасын жəне 2-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 3 маусым

№ 295-VIII ҚРЗ