Көкшетау қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 19 қыркүйектегі № С-14/3 шешімі
Осы редакция 2018 жылғы 20 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодексi) Кодексiнiң 422-бабына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Көкшетау қаласының аумағында қызметiн жүзеге асыратын барлық салық төлеушiлер үшiн бiрыңғай тiркелген салық мөлшерлемелері белгiленсiн.
2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.