«Қазақстан Республикасы прокуратурасы органдарында, ведомстволарында, мекемелерінде және білім беру ұйымында өтініштерді қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 1 маусымдағы № 72 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 15 шілдедегі № 106 бұйрығы
ҚР Бас Прокурорының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 29 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы прокуратурасы органдарында, ведомстволарында, мекемелерінде және білім беру ұйымында өтініштерді қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 1 маусымдағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17084 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарында, ведомстволарында, мекемелерінде және білім беру ұйымында жолданымдарды, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды және сұрау салуларды қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарында, ведомстволарында, мекемелерінде және білім беру ұйымында жолданымдарды, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды және сұрау салуларды қарау жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;
Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарында, ведомстволарында, мекемелерінде және білім беру ұйымында өтініштерді қарау жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өтініштермен жұмыс және іс жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшесі:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналастыруды;