(СТАРАЯ РЕДАКЦИЯ) «САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДІ ТІРКЕУ» МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ...

Осы редакция 2016 жылғы 20 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы 4 маусымдағы

№ 348 бұйрығына

3-қосымша

 

 

«Салық төлеушілерді тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Салық төлеушілерді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығымен бекітілген «Салық төлеушілерді тіркеу» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11273 тіркелген) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжатарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары (бұдан әрі - ҚӨО) арқылы;

2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы;

3) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz  (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

1) салық төлеушінінің мемлекеттік деректер базасына (бұдан әрі - СТМДБ) қызмет алушының тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.