«Шымкент қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Шымкент қаласы әкімінің 2018 жылғы 14 қарашадағы № 9 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Шымкент қаласы әкімінің 2024 жылғы 19 маусымдағы № 1 шешiмi
Шымкент қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Шымкент қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Шымкент қаласы әкімінің 2018 жылғы 14 қарашадағы № 9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімге 1-қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Шымкент қаласының әкімі | Г. Сыздыкбеков |
«КЕЛІСІЛДІ»
Шымкент қалалық
аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Қ. Құнанбаев
«20» наурыз 2024 жыл
2024 жылғы 19 маусымдағы
№ 1 шешіміне
Қосымша
Шымкент қаласы әкімінің
2018 жылғы 14 қарашадағы
№ 9 шешіміне
қосымша
Шымкент қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары
Абай ауданы
№ 36 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Самал-2 шағынауданы, 132/3, «125 High School» ЖШС ғимараты.
Шекарасы: Көрікті көшесі, 87-155, Ақдала көшесі, 1-90, Болашақ көшесі 1-90, Алтын бесік көшесі, 1-90, Ақарыс көшесі, 1-90, А.Назарбеков көшесі, 1-43, Сырлысай көшесі, 1-60, Балғын көшесі, 1-60.
№ 37 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Самал-3 шағынауданы, Ұ.Арғынбеков көшесі, нөмірсіз, Шымкент қаласының білім басқармасының «Абдраш Назарбеков атындағы № 87 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ғимараты.