8. Мемлекеттік материалдық резервтің жаңартылуға жататын материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың, мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының балансына беру тәртібі мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларында айқындалады.
39-тармағы 82) тармақшасының жиырмасыншы абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
9. Мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығарған кезде оларды өткізуден алынған қаражат мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган немесе жұмылдыру тапсырмасын орындайтын орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар сатып алу-сату шартының толық орындалғаны туралы растауды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бюджетке есепке жатқызылуға жатады.»;
83) мынадай мазмұндағы 94-2-баппен толықтырылсын:
«94-2-бап. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату немесе жою
1. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату немесе жою туралы шешімді мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган қабылдайды.
39-тармағы 83) тармақшасының төртінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату немесе жою туралы шешімді мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жұмылдыру тапсырмасын орындайтын орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар қабылдайды.
2. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату немесе жою Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
3. Кәдеге жаратылған тауарлар мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның өткізуіне жатады.
39-тармағы 83) тармақшасының жетінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Жұмылдыру резервінің кәдеге жаратылған тауарлары мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидаларына сәйкес жұмылдыру тапсырмасын орындайтын орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың өткізуіне жатады.»;
84) 95-баптағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері негізінде» деген сөздер алып тасталсын;
39-тармағы 85) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
85) 96-1-бап алып тасталсын;
86) 98-баптағы «Бұл ретте, мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымдарында және мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінде» деген сөздер «Бұл ретте мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінде, мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымдарында және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
87) 99-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«99-бап. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу
Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке алуды мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.
39-тармағы 87) тармақшасының төртінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Бұл ретте жұмылдыру тапсырмасын орындайтын орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті саладағы жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын есепке алуды жүргізеді.»;
88) 8-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бөлім. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің, жұмыскерлерінің мәртебесі, оларды және олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғау»;
89) 18-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«18-тарау. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің, жұмыскерлерінің мәртебесі, оларды және олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғау»;
90) 100-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«100-бап. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің, әскери қызметшілері мен жұмыскерлерінің мәртебесі»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерден, әскери қызметшілер мен жұмыскерлерден жасақталады.»;
2-тармақ алып тасталсын;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшілері Қазақстан Республикасының заңнамасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген мәртебеге ие болады және құқықтар мен жеңілдіктерді пайдаланады.
Азаматтық қорғау органдарындағы әскери лауазымдар мен оларға сәйкес әскери атақтар тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық қорғау органдарында әскери қызмет өткереді.
39-тармақтың 90) тармақшасының он бірінші - он үшінші абзацтары 2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
4. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін белгіленген мәртебеге ие болады және құқықтар мен жеңілдіктерді пайдаланады.
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мемлекеттік қызметтің ерекше түріне жататын азаматтық қорғау органдарында қызмет өткереді, оған түсу, өткеру және тоқтату тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
Лауазымға орналасуы азаматтық қорғау органдарының негізгі міндеттері мен функцияларын тікелей орындайтын лауазымды адамдарға арнаулы атақтар беру құқығын беретін азаматтық қорғау органдары лауазымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
5-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Азаматтық қорғау органдарының жұмыскерлеріне мемлекеттік әкімшілік қызметшілер және азаматтық қызметшілер жатады.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.
Азаматтық қызметшілердің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.»;
6-тармақ алып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері әскери және арнаулы атақтарға сәйкес айырым белгілері бар белгіленген үлгідегі нысанды киім мен арнаулы киім-кешек киеді.»;
8-тармақта:
бірінші бөліктегі «және уәкілетті органның ведомствосына ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
9-тармақ алып тасталсын;
91) 101-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«101-бап. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің, әскери қызметшілері мен жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу, оларды зейнетақымен және өзге де қамсыздандыру»;
1-тармақтағы «қызметкерлері» деген сөз «қызметкерлерінің, әскери қызметшілері» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілері мен жұмыскерлері тегін нысанды киіммен және арнаулы киім-кешекпен қамтамасыз етіледі.»;
мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Азаматтық қорғау органдарының қызметкері мен әскери қызметшілерінің әскери немесе төтенше жағдайдың қолданылуы немесе терроризмге қарсы операция жүргізу кезеңінде немесе қарулы қақтығыс жағдайларында не табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған жерде төтенше жағдайларды жою немесе өрттерді сөндіру жөніндегі міндеттерді орындауы кезінде қызмет мерзімінің бір күні үш күн болып есептеледі және үш есе мөлшерде ақшалай қаражат төленеді.
Әскери немесе төтенше жағдайдың қолданылуы немесе терроризмге қарсы операция жүргізу кезеңінде немесе қарулы қақтығыс жағдайларында не табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған жерде төтенше жағдайларды жою немесе өрттерді сөндіру жөніндегі міндеттерді орындау кезінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қызмет мерзімін есептеу және оларға ақшалай қамтылым төлеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
5. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері казармалық жағдайда болған кезде және (немесе) карантиндік іс-шараларға қатысқан кезде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тамақпен қамтамасыз етіледі.»;
92) 102-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«102-бап. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің, әскери қызметшілері мен жұмыскерлерінің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды медициналық қамтамасыз ету»;
1-тармақта:
төртінші бөліктегі «өзге де жұмыскерлерінің» деген сөздер «жұмыскерлерінің» деген сөзбен ауыстырылсын;
алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілері мен жұмыскерлері медициналық көрсетілімдері болған кезде бюджет қаражаты есебінен санаторийлік-курорттық емделуге жіберіледі.»;
мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
«Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілері мен қызметкерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеумен қамтамасыз етіледі.»;
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің осы бапта көрсетілген құқықтары мен жеңілдіктері қызметтен шекті жасқа толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттардың қысқартылуына байланысты шығарылған, қызметінің жалпы ұзақтығы жиырма және одан көп жылды құрайтын азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілеріне қолданылады.»;
мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
«Азаматтық қорғау органдары жұмыскерлерінің осы тармақта көрсетілген құқықтары мен жеңілдіктері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жасына, денсаулық жағдайына немесе штаттардың қысқартылуына байланысты жұмыстан шығарылған, азаматтық қорғау органдарындағы жалпы жұмыс ұзақтығы жиырма және одан көп жылды құрайтын азаматтық қорғау органдарының жұмыскерлеріне қолданылады.»;
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «және уәкілетті органның ведомствосына ведомстволық бағынысты кәсіпорындарға» деген сөздер алып тасталсын;
39-тармақтың 93) тармақшасының тармақшасының жетінші абзацы 2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
93) 8-бөлім мынадай мазмұндағы 103-1-баппен толықтырылсын:
«103-1-бап. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің және олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері
1. Азаматтық қорғау органдарының қызметкері бір елді мекеннен елу километрден асатын екінші елді мекенге көшуіне байланысты қызметі бойынша ауысқан кезде оған бюджет қаражаты есебінен қызметкердің өзіне екі айлық ақшалай қаражат және онымен бірге көшкен отбасының әрбір мүшесіне оның айлық ақшалай қаражатының жартысы мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленеді.
Азаматтық қорғау органдарының қызметкері қызметі бойынша ауысқан кезде оған бюджет қаражаты есебінен өз мүлкін он тоннаға дейін тасымалдауға, сондай-ақ онымен бірге көшкен отбасы мүшелерінің жол жүруін қоса алғанда, теміржол, су, автомобиль көлігімен жол жүруге жұмсалған шығындары өтеледі.
Азаматтық қорғау органдарының қызметі бойынша ауысқан кезде көтерме жәрдемақыға, көлікте жол жүргені және өз мүлкін тасымалдағаны үшін жұмсалған шығындарының өтелуіне құқығы бар қызметкерлері лауазымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2. Азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығымен шығарылған азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіккен (жараланған, жарақат алған, контузия алған) және қызметке жарамсыз деп танылған қызметкерлердің салтанатқа және салтанатқа шығуға арналған нысанды киім киіп жүруге құқығы бар.
3. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-тарауына сәйкес азаматтық қорғау органдарының тұрғынжайға мұқтаж қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері қызметін өткеру кезеңінде мемлекет есебінен тұрғынжаймен қамтамасыз етіледі. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне қызметтік тұрғынжай берудің орнына бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй төлемдері төленеді.».
40. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
40-тармағының 1) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 51-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі «рұқсаттық бақылау» деген сөздерден кейін «, егер осы баптың 1-1-тармағында өзгеше көзделмесе,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жүргізілетін рұқсаттық бақылау «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексеру нысанында жүзеге асырылады.»;
40-тармағының 2) тармақшасының бірінші және екінші абзацтары 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 2-қосымшада:
61-1-жолдың 3-бағанындағы «куәлік» деген сөз «аттестат» деген сөзбен ауыстырылсын;
40-тармағы 2) тармақшасының үшінші - сегізінші абзацтары 2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
66-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«