«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 24 маусымдағы № 196-VIII Заңы

Предыдущая страница

4) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағының 11) тармақшасын, 14-тармағын, 31-тармағының 12) тармақшасының төртінші және сегізінші абзацтарын, 31) тармақшасын, 39-тармағы 14) тармақшасының бір жүз үшінші және бір жүз төртінші абзацтарын, 18) тармақшасының төртінші - он төртінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтарын, 19) тармақшасының алтыншы - он үшінші абзацтарын, 21) тармақшасының он сегізінші абзацын, 33) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 35) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 42) тармақшасын, 43) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 79) тармақшасының төртінші абзацын, 80) тармақшасының екінші, төртінші, бесінші және оныншы абзацтарын, 81) тармақшасының он үшінші абзацын, 82) тармақшасының бесінші, он бесінші және жиырмасыншы абзацтарын, 83) тармақшасының төртінші және жетінші абзацтарын, 85) тармақшасын, 87) тармақшасының төртінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2. Мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға берілген мемлекеттік мүлікті осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін кейіннен сатып алу құқығымен жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға, жалдаушыларға (жалға алушыларға) немесе сенімгерлік басқарушыларға сатуға олар тиісті мүліктік жалдау (жалға алу) шартын немесе сенімгерлік басқару шартын тиісінше орындаған жағдайда ғана жол беріледі.

3. Егер мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға берілген мемлекеттік мүлікті осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін кейіннен сатып алу құқығымен жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сату талаптары тиісті мүліктік жалдау (жалға алу) шартында немесе сенімгерлік басқару шартында көзделмеген болса, олар тараптардың келісімімен айқындалады.

 

 

Қазақстан Республикасының

  Президенті

 

  Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2025 жылғы 24 маусым

            № 196-VІІІ ҚРЗ