2016 жылғы 3-тоқсанға арналған кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 545 бұйрығы
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы бойынша 2016 жылғы 3-тоқсанға арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде айқындалсын.
2. «2016 жылғы 2-тоқсанға арналған кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 214 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13548 болып тіркелген және 2016 жылғы 4 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;