«Курчатов қалалық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 12/84-VIІ «Курчатов қаласының 2022 – 2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2022 жылғы 11 шілдедегі № 18/125-VII шешімі

Курчатов қалалық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 12/84-VIІ «Курчатов қаласының 2022 - 2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2022 жылғы 11 шілдедегі № 18/125-VII шешімі

 

Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Курчатов қалалық мәслихатының «Курчатов қаласының 2022 - 2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2021 жылғы 29 желтоқсандағы 12/84-VII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26257 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Курчатов қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 1 798 548,0 мың теңге:

салықтық түсімдер - 1 493 266,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 18 306,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 5 313,0 мың теңге;

трансферттер түсімі - 281 663,0 мың теңге;

2) шығындар - 1 820 760,6 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0,0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер - 0,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 22 212,6 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 22 212,6 мың теңге:

қарыздар түсімі - 0,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 37 598,0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 59 810,6 мың теңге.»;

4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«4. 2022 жылға арналған қалалық бюджетте облыстық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 63 686,0 мың теңге сомасында қарастырылсын.»;

5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«5. 2022 жылға арналған қалалық бюджетте республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 217 977,0 мың теңге сомасында қарастырылсын.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.