Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери құралымдарын, бөлімдерін мекемелерін және әскери оқу орындарын, әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарын жиһазбен және казармалық мүкәммалмен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2015 жылғы 8 қазандағы № 83 бұйрығы
Осы редакция 2021 жылғы 10 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (одан әрі - ҰҚК) Шекара қызметінің әскери құралымдарын, бөлімдерін, мекемелерін және әскери оқу орындарын, әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарын жиһазбен және казармалық мүкәммалмен жабдықтаудың заттай нормалары бекітілсін.
2. ҰҚК Шекара қызметі заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
Н. Әбіқаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б.Сұлтанов
2015 жылғы «____» __________
№ ___ дана
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2015 жылғы 8 қазандағы
№ 83 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери құрылымдарын,
бөлімдерін, мекемелерін және әскери оқу орындарын, әскери қарсы барлау және әскери полиция
органдарын жиһазбен және казармалық мүкәммалмен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы
№ 1 норма.