«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің басқару жүйесін дамытудың кейбір мәселелері тұралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 17-2/702 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің басқару жүйесін дамытудың кейбір мәселелері тұралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 17-2/702 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің басқару жүйесін ИСО 9001-2009 ҚР СТ талаптарына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі сапа менеджменті мәселелері жөніндегі кеңес туралы ереже;

2) сапа менеджменті жүйесінің ішкі аудиторларының құрамы бекітілсін.

3. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрілігінде сапа менеджменті жүйесін енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2011 жылғы 19 қырқүйектегі № 05-4/528 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Жауапты хатшысының 2012 жылғы 28 ақпандағы № 05-3/77 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

Жауапты хатшысының

2014 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 17-2/702 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі
сапа менеджменті мәселелері жөніндегі кеңес туралы
ереже


1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі сапа менеджменті мәселелері жөніндегі кеңес туралы ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі сапа менеджменті мәселелері жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Сапа жөніндегі кеңес) қызметінің негізгі бағыттарын, құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ калыптастыру тәртібін және жұмыс регламентін бекітеді.

2. Сапа жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде (бұдан әрі - Министрлік) сапаны арттыру мәселелерін үйлестіруші алқалық кеңес органы болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.