Текелі қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы
Жетісу облысы Текелі қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 26-122 шешімі
(2025.19.11. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 9, 75-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жетісу облысы Текелі қалалық мәслихатының 2025.07.02. № 28-127 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.04.06. № 32-137 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); Жетісу облысы Текелі аудандық мәслихатының 2025.19.11. № 37-153 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2025-2027 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 9 871 466 мың теңге:
салықтық түсімдер 1 575 115 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 17 678 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 356 000 мың теңге;
трансферттер түсімі 7 922 673 мың теңге;
2) шығындар 9 910 703 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 404 647 мың теңге:
бюджеттік кредиттер 435 248 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 30 601 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицитi) (-) 443 884 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) 443884 мың теңге:
қарыздар түсімі 435 248 мың теңге;
қарыздарды өтеу 372 698 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 381 334 мың теңге.
2. Қаланың жергілікті атқарушы органының 2025 жылға арналған резерві 29 541 мың теңге сомасында бекітілсін.