(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҮШІН ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІНЕ ҚҰҚЫҚ...

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығы

 

Осы редакция 2021 жылғы 19 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабының 1-тармағының 16-5)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелеріне құқықтар беру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

міндетін атқарушының

2015 жылғы 27 наурыздағы

№ 255 бұйрығымен бекiтiлген

 

 

Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiне құқық беру

қағидалары

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiне құқық беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 14-бабы 1-тармағының 16-5) тармақшасына cәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiн беру тәртібін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.