Осы редакция 2017 жылғы 23 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 281 қаулысына
2-қосымша
«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызметінің регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар аудандары мен қалалары жергілікті атқарушы органдарының сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерімен (бұдан әрі- көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - Орталық);
3) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - 2015 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің № 257 бұйрығымен бекітілген «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға қызмет алушының өтініші негіздеме болады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және олардың орындалу реттілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің өту кезеңдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағымен көзделген қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді;