«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 162 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 277 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2026 жылғы 26 тамыздағы № 412-НҚ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 27 тамыздағы № 138 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 162 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 277 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13979 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізісін:
бірлескен бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазастан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар бойынша қызметті жүзеге асыратын лицензиаттарға қатысты тексеру парағы;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазастан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы археологиялық жұмыстар бойынша қызметті жүзеге асыратын лицензиаттарға қатысты;