«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № А-2/27 Қаулысы

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № А-2/27 Қаулысы

(2019.29.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Ақмола облысы әкімдігінің 2019.29.08. № A-9/405 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес, «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін келісу туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 6С-2-3 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Ақмола облысы әкімдігінің 2019.29.08. № A-9/405 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.

2. «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № А-6/200 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5385 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 10 маусымдағы жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Д.З. Әділбековке жүктелсін.

4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақмола облысының әкімі

С. Кулагин

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.