«Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы №167 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 8 шілдедегі № 63 бұйрығы

«Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы №167 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 8 шілдедегі № 63 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-167/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21560 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 71) тармақшасына сәйкес»;

Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен стандарттары көрсетілген бұйрықпен бекітілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен стандарттарында:

2-тармақ мынадай мазмұндағы 34), 35), 36), 37), 38), 39), 40), 41) және 42) тармақшалармен толықтырылсын:

«34) осы Стандартқа 34-қосымшаға сәйкес ангиографиялық қондырғыға техникалық ерекшелікті дайындаудың ең төмен стандарты;

35) осы Стандартқа 35-қосымшаға сәйкес компьютерлік томографқа техникалық ерекшелікті дайындаудың ең төмен стандарты;

36) осы Стандартқа 36-қосымшаға сәйкес маммографқа техникалық ерекшелікті дайындаудың ең төмен стандарты;

37) осы Стандартқа 37-қосымшаға сәйкес магнитті-резонансты томографқа (гелді) техникалық ерекшелікті дайындаудың ең төмен стандарты;

38) осы Стандартқа 38-қосымшаға сәйкес жылжымалы рентгенге техникалық ерекшелікті дайындаудың ең төмен стандарты;

39) осы Стандартқа 39-қосымшаға сәйкес рентгендік-диагностикалық кешенге техникалық ерекшелікті дайындаудың ең төмен стандарты;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.