«Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 537/73-VI «Нұр-Сұлтан қаласының аумағында жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 160/23-VII шешімі (күші жойылды)

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 537/73-VI «Нұр-Сұлтан қаласының аумағында жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 160/23-VII шешімі

 

Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 87/10-VIII шешімімен күші жойылды

 

Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының «Нұр-Сұлтан қаласының аумағында жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 537/73-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1298 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Нұр-Сұлтан қаласының аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларында:

4 -тармақ мынадай мазмұндағы 34 - тармақшамен толықтырылсын:

«34) ағаштарды заңсыз кесу - уәкілетті органның рұқсатынсыз жүзеге асырылатын ағаштарды кесу;»;

11 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«11. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау мыналарды қамтиды:

1) жасыл екпелерді отырғызу;

2) ағаштардың діңгек қуысын орнатумен қыртыстарды қопсыту, ағаштарды ақтау, жасыл қоршамды қию, ағаштардың діңін көтеру, ағаш өскіндерін жою;

3) гүлзарлар, көгалдарды орналастыру, арамшөптерді отау, шөптерді шабу, қысқы кезеңде раушан гүлдерін жауып ұстау;

4) бүкіл вегетациялық кезең бойы жасыл екпелерді суару, жазғы маусымда аптада екі рет суарылады;

5) ұшарбасты қалыптастыру;

6) жасарту;

7) тыңайтқыштар салу;

8) жасыл екпелердің зиянкестерімен және ауруларымен күресу.

9) авариялық, құрғаған, жасамыс ағаштарды және бұталарды санитариялық кесу, ұшарбасты қалыптастыру.»;

мынадай мазмұндағы 15 - 1-тармақпен толықтырылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.