Осы редакция 2018 жылғы 4 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Әкімдіктің
2016 жылғы 10 маусымдағы
№ 266 қаулысына 3-қосымша
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен
азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2017.01.02. берілген өзгерістермен)
1. «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) көрсетілетін қызметті берушіарқылы жүзеге асырылады.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде:
Қазақстан Республикасының азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер деп тану туралы шешім;
куәлікті немесе оның телнұсқасын беру;
2) Мемлекеттік корпорацияда:
Қазақстан Республикасының азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер деп тану туралы шешім;
куәлікті немесе оның телнұсқасын беру;
көрсетілетін қызметті алушының дербес шотына аудару арқылы өтемақы төлеу;
бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген көрсетілетін қызметті алушыларға жеке және заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастыру қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына қаражатты аудару арқылы өтемақы төлеу болып табылады.