Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 29 қазандағы № 343 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 140-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін республикалық бюджетке аудару нормативі бес пайыз мөлшерінде белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен: