«Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 575 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 351 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 494-нқ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 134 бірлескен бұйрығы

 «Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 575 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 351 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 494-нқ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 134 бірлескен бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫЗ:

1. «Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 575 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 351 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14163 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

бірлескен бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»;

бірлескен бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар:

1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежелерін бағалау өлшемшарттары;

2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын субъектіге (объектіге) қатысты бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.»;

көрсетілген бірлескен бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.