«Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 24 маусымдағы № 300-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20790 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасымен бекітілген «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті «Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві» республикалық мемлекеттік мекемесі, орталық мемлекеттік архивтер, жергілікті атқарушы органдардың, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік архивтері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;
реттік нөмірі 1-жол:
3-баған мынадай редакцияда жазылсын: