«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау бойынша қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 44 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 211 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау бойынша қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 44 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13070 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 24 ақпанда ресми жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидаларда:
10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«10. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханаларында: