«Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 325 Қаулысы
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 114 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4181 болып тіркелген, 2006 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде № 9-10 жарияланған, 219-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату қағидаларында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бастапқы баға - әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын және «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы айқындаған лот (мүлік) құнынан төмен емес болып белгіленетін баға;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) күтпеген шығыстар - тарату комиссиясының мөлшері бес жүз айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс, кейінге қалдырылмайтын қажеттілікке арналған жоспарланбаған шығындары;»;
8-тармақ алып тасталсын;
21-1-тармақ алып тасталсын;
36-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: