«Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне қызметтік куәліктер беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 528 бұйрығы

Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне қызметтік куәліктер беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 528 бұйрығы

 

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 100-бабының 3 және 4-тармағына, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 1-тармағына, 84-бабының бесінші бөлігіне, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне қызметтік куәліктер беру қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

 2023 жылғы 29 қыркүйектегі

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.