7. Талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі:
1) өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайларды салу кезеңіндегі салықтық міндеттеме және қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап бойынша осы Кодекстің 432-бабының 1-тармағы қолданылған жағдайда - Қазақстан Республикасының аумағында мұндай ғимараттар мен құрылысжайлар алғаш рет пайдалануға берілген салықтық кезең аяқталғаннан кейін;
2) геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және кен орнын жайластыру кезеңіндегі салықтық міндеттеме және қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап бойынша осы Кодекстің 432-бабының 2-тармағы қолданылған жағдайда - кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалар экспортының басталуы тұспа-тұс келетін салықтық кезең аяқталғаннан кейін басталады.
Егер экспорт 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылса, талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі 2016 жылғы 1 қаңтардан басталады;
3) осы Кодекстің 432-бабында көрсетілген қосылған құн салығының расталған асып кету сомасын осы Кодекстің 104-бабына сәйкес қайтару және (немесе) есепке жатқызу жүргізілген жағдайда - қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған асып кету сомасының анықтығы, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тексеру нәтижелеріне шағым жасау қорытындысы бойынша расталған салықтық кезең аяқталғаннан кейін басталады.
8. Осы баптың 7-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қосылған құн салығын есепке жазу немесе оның есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарау мақсаттары үшін талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі салық төлеуші қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талабы бар қосылған құн салығы бойынша декларацияны тапсырған салықтық кезең аяқталғаннан кейін басталады.
9. Талап қоюдың ескіру мерзімі:
1) салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есепке жазу және (немесе) олардың есептелген сомасын қайта қарау бөлігінде салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі күнтізбелік бір жылға жетпей өтетін кезеңдегі қосымша салықтық есептілікті ұсынған жағдайда - күнтізбелік бір жылға;
2) бюджетке төленетін корпоративтік табыс салығын есепке жазу және (немесе) оның есептелген сомасын қайта қарау бөлігінде салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі күнтізбелік бір жылға жетпей өтетін кезеңдегі шығындарды ауыстыру бөлігінде өзгерістері және толықтырулары бар қосымша салықтық есептілікті ұсынған жағдайда - күнтізбелік үш жылға;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) мынадай:
салық төлеуші (салық агенті) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша хабарламаға, сондай-ақ шағым жасалатын бөлігінде - салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасаған;
бейрезиденттің халықаралық шарт негізінде бюджеттен табыс салығын қайтаруға арналған салықтық өтініші қаралған;
халықаралық шарт негізінде бюджеттен табыс салығын қайтаруға арналған салықтық өтінішті қарау нәтижелері бойынша салық органы шығарған шешімге бейрезидент Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен шағым жасаған;
салық органының осы тармақшаның төртінші абзацында көрсетілген шешіміне бейрезиденттің шағымын қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган шығарған шешімге бейрезидент шағым жасаған жағдайларда, шағымды (өтінішті) қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешім орындалғанға дейін;
4) уәкілетті орган осы Кодекстің 221-бабына сәйкес өзара келісу рәсімін жүргізген жағдайда - уәкілетті органның және (немесе) шет мемлекеттің құзыретті органының өзара келісу рәсімінің қорытындылары бойынша қабылдаған шешімі орындалғанға дейін;
5) анықталған бұзушылықтар бөлігінде, талап қоюдың ескіру мерзімі өткенге дейін жіберілген және табыс етілген, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалғанға дейін;
6) тармақша 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) деңгейлес мониторингтің нәтижелері бойынша ұсынымдар тапсырылған күннен бастап деңгейлес мониторингтің нәтижелері бойынша шешім орындалғанға дейін;
7) егер инвестор халықаралық төрелікте талқылауға бастамашылық жасаған жағдайда, онда салық органы инвестор талқылауға бастамашылық жасаған, инвестор шағым жасаған кезден бастап және осы төрелік талқылау бойынша түпкілікті шешім шығарылған кезге дейінгі кезеңдегі салық төлеушінің салықтарын және бюджетке төленетін төлемдерін есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы - осындай төрелік талқылау аяқталғаннан кейін бес жыл бойына;
8) коллекторлық қызметті жүзеге асыратын салық төлеушінің салықтарын және бюджетке төленетін төлемдерін есепке жазу және (немесе) олардың есептелген, есепке жазылған сомаларын қайта қарау бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген берешекті өндіріп алу туралы шарт бойынша берешекке қатысты коллекторлық қызмет жөніндегі қызмет көрсету аяқталған күннен бастап күнтізбелік үш жылға ұзартылады.
10. Салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есепке жазу немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомаларын қайта қарау бөлігінде талап қоюдың ескіру мерзімі:
Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен салық төлеушi (салық агентi) салықтық тексерудің алдын ала актiсiне жазбаша қарсылық дайындап, берген және оны салық органы қараған;
Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес салықтық тексеруді жүргізу уақытында сұрау салулар жолданған және олар бойынша құжаттар және (немесе) ақпарат алынған кезеңге тоқтатыла тұрады. Бұл ретте салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің есептелген, есепке жазылған сомаларын қайта қарау бөлігінде талап қоюдың ескіруінің жалпы мерзімі оның тоқтатыла тұруы ескеріле отырып, жеті жылдан аспауға тиіс;
сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жүргізілген салықтық тексеру жағдайында, салықтық тексеру аяқталған күннен бастап қылмыстық іс бойынша іс жүргізу аяқталғанға дейінгі уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.
11. Жеке кәсiпкерлік субъектiсiмен іс жүзінде тауарлар тиеп-жөнелтілмей, жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей жасалған, шот-фактураны жазып беру әрекеті (әрекеттері) бойынша салықтарды және бюджетке төленетiн төлемдердi есепке жазуды немесе олардың есептелген сомасын қайта қарауды салық органы соттың заңды күшіне енген шешімі, үкiмi, қаулысы негізінде салықтық мiндеттеме және (немесе) талап бойынша - талап қоюдың ескіру мерзімі шегiнде жүргiзедi.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 12-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12. Салықтың және бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық (қате) төленген сомасы осы Кодекстің 108-бабында белгіленген жағдайды қоспағанда, осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде ағымдағы жылдың және алдыңғы күнтізбелік жылдардың ішінде төленген сомалар мөлшерінде есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға жатады.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.12.12. № 45-VIII ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-тарау. Салықтарды, мемлекеттік бажды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту. Салықтық міндеттемені тоқтату негізі. Инвестициялық салық кредиті
49-бап. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту туралы жалпы ережелер
2021.02.01. № 402-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Кодексте белгіленген төлену мерзімін неғұрлым кеш мерзімге ауыстыру не салықтық берешекті өтеу мерзімдерін ұзарту салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту деп танылады. Осы тармақтың ережелері айыппұлдар сомасына қатысты қолданылмайды.
Осы тараудың мақсаттары үшін төлемақылар деп:
жер учаскелерін пайдаланғаны;
жер беті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны;
қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақылар түсініледі.
2. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту ұсынылған салықтық есептілікке сәйкес салық төлеуші есептеген, сондай-ақ салықтық тексеру нәтижелері бойынша, уәкілетті мемлекеттік органдардың деректері бойынша салық органы есепке жазған салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту нысанында жүзеге асырылады.
Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу мерзімі салықтың және (немесе) төлемнің төленуге тиіс бүкіл сомасына не оның бір бөлігіне қатысты өзгертілуі мүмкін.
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Төлем көзінен ұсталатын салықтар, акциздер, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарынан импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы, қол қою бонусы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін салықтар бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдері өзгертілуге жатпайды.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарынан импортталатын тауарларды қоспағанда, импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту осы баптың 9 және 10-тармақтарында айқындалған тәртіппен осы Кодекске сәйкес таңбалауға жататын импортталатын тауарлар бойынша акцизді қоспағанда, қосылған құн салығы мен акциз бойынша жүргізіледі.
4. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдері салық төлеуші салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтініш берген күннің алдындағы үш жылдың ішінде салықтық міндеттемені орындау графигін салық төлеушінің бұзуына байланысты салық органы салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту туралы бұрын шығарылған шешімнің қолданылуын тоқтатқан жағдайда өзгертілмейді.
5. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге қоюмен және (немесе) банк кепілдігімен жүргізіледі.
6. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту туралы салықтық өтінішті салық төлеуші салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеудің болжамды графигін қоса бере отырып, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынады.
7. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыруды немесе мерзімін ұзартуды беру жағдайын қоспағанда, осы Кодекстің 117-бабына сәйкес салық төлеушіні өсімпұлды уақтылы төлемегені үшін оларды төлеуден:
Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген берешекті қайта құрылымдау рәсімі шеңберінде;
осы Кодекстің 51-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша босатпайды.
8. Осы тараудың ережелері өсімпұл төлеу бойынша кейiнге қалдыруды немесе мерзiмiн ұзартуды берген кезде де қолданылады.
9. Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден органына ұсынылған, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға арналған декларация импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгертуге негіз болып табылады.
Импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту:
1) осындай импортталатын тауарларды толық көлемде кедендік тазарту үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген құжаттар кеден органына ұсынылған;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) егер тұлғалар уәкілетті орган белгілеген тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижесінде тәуекел дәрежесі төмен тұлғалар санатына жатқызылған жағдайда жүргізіледі.
Осы бапқа сәйкес импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ішкі тұтыну үшін импортталатын тауарларды шығару жүргізілген айдан кейінгі айдың 20-күнгі мерзімі бойынша жеке шотта есептелген салық сомасын салық органының көрсетуі арқылы беріледі.
10. Импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту:
1) осындай импортталатын тауарларды толық көлемде кедендік тазарту үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген құжаттар кеден органына ұсынылған;
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) тауарды импорттайтын тұлға Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес уәкілетті экономикалық оператор болып табылған;
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды; 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) тауарды порттық арнайы экономикалық аймақтың немесе логистикалық арнайы экономикалық аймақтың аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импорттаушы тұлға порттық арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе логистикалық арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы болып табылған жағдайда жүргізіледі.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен екінші бөлікпен толықтырылды
Кемінде 167 000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде салықтар төлеуді қамтамасыз етудің болуы осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгертудің қосымша негізі болып табылады.
Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден органына ұсынылған, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға арналған декларация импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгертуге негіз болып табылады.
Осы бапқа сәйкес импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес импортталатын тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару жүргізілген айдан кейінгі үшінші айдың 20-күнгі мерзім бойынша жеке шотта есептелген салық сомасын салық органының көрсетуі арқылы беріледі.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 49-1-баппен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
49-1-бап. Инвестициялық салық кредиті
1. Инвестициялық салық кредиті салық төлеушілерге белгілі бір мерзім ішінде кредит сомасын кейіннен кезең-кезеңімен төлей отырып, салық бойынша өз төлемдерін 100 пайызға азайту мүмкіндігі берілетін алдағы кезеңдер салықтарын төлеу мерзімін өзгертуді білдіреді.
Инвестициялық салық кредиті корпоративтік табыс салығы және (немесе) мүлік салығы бойынша үш жылға дейінгі мерзімге берілуі мүмкін.
2. Салық төлемдерін азайту тәртібі инвестициялық салық кредиті туралы жасалған келісімде айқындалады.
3. Егер салық төлеушінің залалы болса, залалды ауыстыру осы Кодекстің 300-бабында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл ретте, инвестициялық салық кредитінің мерзімі ұзартылмайды.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 50-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
50-бап. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту немесе инвестициялық салық кредитін беру туралы шешім қабылдауға уәкілеттік берілген орган
1. Республикалық бюджетке түсетін, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бөлінетін салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы шешімді салық төлеушінің орналасқан жеріндегі салық органы қабылдайды.
2. Жергілікті бюджеттерге толық көлемде түсетін салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы шешімді осы Кодекстің Ерекше бөлігінде белгіленген, олар төленетін жердегі салық органы қабылдайды.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Инвестициялық салық кредитін беру туралы шешім салық төлеушінің өтініші негізінде қабылданады және өтініш беруші мен инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган арасында белгіленген нысандағы келісіммен ресімделеді.
Инвестициялық салық кредиті туралы келісімде мынадай ережелер:
салық төлемдерін азайту тәртібі;
келісімнің қолданылу мерзімі;
салық төлеушінің сатып алуы инвестициялық салық кредитін беру шарты болып табылған жабдықты немесе өзге мүлікті өткізуге немесе басқа тұлғалардың иеленуіне, пайдалануына немесе билік етуіне беруге тыйым салу;
тараптардың жауапкершілігі қамтылуға тиіс.
Салық төлеуші келісімнің көшірмесін инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға берілген күнінен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей салық төлеуші тіркеу есебінде тұрған жердегі салық органына жібереді.
Инвестициялық салық кредитін алу үшін инвестициялық салық кредиті туралы келісім жасасу тәртібін уәкілетті органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
51-бап. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейiнге қалдыруды немесе мерзiмiн ұзартуды беру тәртібі мен шарттары
2019.03.01. № 213-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын тиісінше бір мезгілде немесе кезең-кезеңмен төлей отырып, осы бапта көзделген негіздер болған кезде салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу мерзімін өзгертуді білдіреді.
Салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын бір мезгілде төлей отырып, кейінге қалдыру алты айдан аспайтын мерзімге беріледі.
Салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын тең үлестермен ай сайын немесе тоқсан сайын төлей отырып, мерзімін ұзарту үш жылдан аспайтын мерзімге беріледі. Бұл ретте салықтарды және (немесе) төлемақыларды бір жылдан астам мерзімге төлеу бойынша мерзімін ұзарту салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның жылжымайтын мүлкін кепілге қоюмен және (немесе) банк кепілдігімен ғана берілуі мүмкін.
Кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту бір немесе бірнеше салық және (немесе) төлемақы бойынша берілуі мүмкін.
2. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту қаржылық жағдайы салықты және (немесе) төлемақыны белгіленген мерзімде төлеуге мүмкіндік бермейтін, алайда оларды мынадай:
1) салық төлеушіге еңсерілмейтін (әлеуметтік, табиғи, техногендік, экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар, әскери іс-қимылдар және еңсерілмейтін күштің өзге де мән-жайлары) салдарынан нұқсан келтіру;
2) салық төлеушінің тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді өндіруінің және (немесе) өткізуінің маусымдық сипатта болуы;
3) дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын жеке тұлғаның мүліктік жағдайы (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндіріп алуды қолдануға болмайтын мүлікті есепке алмағанда) біржолғы салық төлеуге мүмкіндік бермеуі;
4) соттың берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы шешім қабылдауы;
5) салық төлеушінің негізгі қызмет түрінің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес стратегиялық маңызы бар экономика саласына жатқызылуы;
6) салық төлеушінің қосымша салықтық есептілікті ұсынуы;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) салық төлеушінің есепке жазылған салықтардың және (немесе) төлемақылардың тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген сомаларымен келісуі негіздерінің бірі болған кезде оларды төлеу мүмкіндігі кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту берілетін мерзім ішінде туындайды деп пайымдауға жеткілікті негіз болатын салық төлеушіге берілуі мүмкін. Осы тармақшаның ережелері салық төлеуші ретінде тіркелген күнінен бастап кейiнге қалдыруды немесе мерзiмiн ұзартуды беру туралы өтініш берген күнге дейінгі кезең бес жылдан кем болатын салық төлеушілерге қолданылмайды.
3. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы өтінішке мынадай құжаттар:
1) тиісті контрагент-дебиторлармен жасалған шарттардың бағалары (өзге де міндеттемелердің көлемдері мен олардың туындау негіздері) және оларды орындау мерзімдері көрсетіле отырып, салық төлеушінің контрагент-дебиторларының тізбесі, сондай-ақ осы шарттардың (міндеттеменің өзге де туындау негіздерінің бар-жоғын растайтын құжаттардың) көшірмелері қоса беріледі. Осы тармақшаның ережелері дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрмаған жеке тұлғаға қолданылмайды;
2) осы баптың 4-тармағында көрсетілген, салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу мерзімін өзгерту үшін негіздердің бар-жоғын растайтын құжаттар;
3) бағалаушының кепілге берілген мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебі қоса берілген кепіл нысанасы болуы мүмкін мүлік туралы құжаттар не кепілдік беруші банк пен салық төлеуші арасында жасалған банк кепілдігі шарты және банк кепілдігі қоса беріледі. Бұл ретте бағалаушының кепілге берілген мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебі салық төлеуші кейiнге қалдыруды немесе мерзiмiн ұзартуды беру туралы өтініш берген күнге дейін он жұмыс күнінен кейін жасалуға тиіс.
4. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу мерзімін өзгерту үшін негіздердің бар екенін растайтын құжаттар мыналар:
осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша - тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың салық төлеушіге қатысты еңсерілмейтін күш мән-жайларының туындау фактісінің растамасы;
осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша - салық төлеуші жасаған және мұндай тұлғаның тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін жалпы кірісінде маусымдық сипатқа ие қызмет салалары мен түрлерінен түсетін кірісінің үлесі кемінде 50 пайызды құрайтынын растайтын құжат;
осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша - тиісті уәкілетті орган өтініш берілген күнге дейін он жұмыс күнінен кейін берген, жеке тұлғаның өтініш берілген күннің алдындағы жылғы кірістері, жылжымалы және жылжымайтын мүлкі туралы мәліметтер.
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы немесе оны өзгертуден бас тарту туралы шешімді осы Кодекстің 50-бабына сәйкес осындай шешім қабылдауға уәкілеттік берілген орган уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық төлеушінің өтінішін алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қабылдайды. Бұл ретте салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша мерзімін ұзартуды беру туралы шешімге салықтық міндеттемені орындау графигі қоса беріледі.