8. Салық органы заңды тұлғаны мынадай жолмен қайта ұйымдастыру туралы сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтерін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде:
1) бірігу - жаңадан құрылған заңды тұлғаның құрамына кірген заңды тұлғалардың жеке шоттары бойынша сальдоны жаңадан құрылған заңды тұлғаның орналасқан жеріндегі салық органына беру актісінің негізінде береді;
2) қосылу - қосылған заңды тұлғаның жеке шоты бойынша сальдоны аталған заңды тұлға қосылған заңды тұлғаның орналасқан жеріндегі салық органына беру актісінің негізінде береді;
3) бөлініп шығу - жаңадан құрылған заңды тұлғаны бөліп шығарған заңды тұлғаның жеке шоты бойынша сальдоны жаңадан құрылған заңды тұлғаның орналасқан жеріндегі салық органына бөлу балансының негізінде береді.
63-бап. Бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін ашпаған тұрақты мекеме Қазақстан Республикасында тиімді басқару орнының (нақты басқару органының орналасқан жерінің) болуына байланысты құқықтары мен міндеттерін берген кезде оның салықтық міндеттемесін орындау
1. Бейрезидент-заңды тұлға өзінде құрылымдық бөлімшені ашпастан Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі болған және тиімді басқару орнын (нақты басқару органының орналасқан жерін) шет мемлекеттен Қазақстан Республикасына көшіру туралы шешім қабылдаған кезде осы Кодекстің 76-бабының 2-тармағына сәйкес салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті бергеннен кейін үш жұмыс күні ішінде осындай тұрақты мекеменің орналасқан жеріндегі салық органына мұндай тұрақты мекеменің құқықтар мен міндеттерді тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын заңды тұлғаға беруі туралы жазбаша хабарлауға міндетті.
Аталған бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекемесі салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде салық органына:
1) тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті;
2) таратудың салықтық есептілігін;
3) беру актісін ұсынуға міндетті.
Таратудың салықтық есептiлiгi, құқықтар мен мiндеттерді беретiн тұрақты мекеме төлеушi және (немесе) салық агентi болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетiн төлемдердің түрлерi және әлеуметтiк төлемдер бойынша осындай есептiлiктi ұсыну жөнiндегi мiндеттеме туындаған салықтық кезеңнің басынан бастап оны салық органына ұсынған күнге дейiнгi кезең үшiн жасалады.
Егер кезекті салықтық есептілікті ұсыну мерзімі таратудың салықтық есептілігі ұсынылғаннан кейін басталатын болса, мұндай кезекті салықтық есептілікті ұсыну таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
2. Құқықтар мен міндеттерді заңды тұлғаға беретін тұрақты мекеменің салықтық міндеттемесін орындау шет мемлекеттің заңнамасы бойынша құрылған, тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын осындай заңды тұлғаға (құқық мирасқорына) жүктеледі.
3. Тұрақты мекеменің құқықтар мен міндеттерді заңды тұлғаға беруі шет мемлекеттің заңнамасы бойынша құрылған, тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын заңды тұлғаның салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу жөніндегі салықтық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуге негіз болып табылмайды.
4. Құқықтар мен міндеттерді заңды тұлғаға беретін тұрақты мекемеде салықтық берешек болмаған кезде салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың артық (қате) төленген сомалары шет мемлекеттің заңнамасы бойынша құрылған, тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын заңды тұлғаға қайтарылуға жатады.
5. Салық органы осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құқықтар мен міндеттерді заңды тұлғаға беретін тұрақты мекеменің жеке шоты бойынша сальдоны тұрақты мекеменің құқықтары мен міндеттері берілген заңды тұлғаның орналасқан жеріндегі салық органына беру актісінің негізінде береді.
64-бап. Бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде заңды тұлғаның салықтық міндеттемесін орындау
1. Заңды тұлға бөліну жолымен қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы орналасқан жеріндегі салық органына жазбаша хабарлайды.
Заңды тұлға бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде бөлу балансы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде орналасқан жеріндегі салық органына бір мезгілде:
1) салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті;
2) таратудың салықтық есептілігін ұсынады.
2. Таратудың салықтық есептілігі қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері және әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш ұсынылған салықтық кезеңнің басынан бастап осындай өтініш ұсынылған күнге дейінгі кезең үшін жасалады.
Егер кезекті салықтық есептілікті ұсыну мерзімі таратудың салықтық есептілігі ұсынылғаннан кейін басталатын болса, мұндай кезекті салықтық есептілікті ұсыну таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
3. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға таратудың салықтық есептiлiгiнде көрсетiлген салықтарды, бюджетке төленетiн төлемдердi және әлеуметтiк төлемдерді төлеуді салық органына таратудың салықтық есептiлiгi ұсынылған күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей жүргiзедi.
Егер таратудың салықтық есептiлiгiнiң алдында ұсынылған салықтық есептілікте көрсетiлген салықтарды, бюджетке төленетiн төлемдердi және әлеуметтiк төлемдерді төлеу мерзiмi осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салықтық есептiлiгi ұсынылған күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрілмей жүргiзiледi.
4. Салық органы салықтық тексеруді қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салықтық өтінішін алғаннан кейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей бастауға тиіс.
5. Бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға салықтық тексеру аяқталғаннан кейін өзінің орналасқан жеріндегі салық органына бөлу балансын ұсынады.
Егер қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың артық төленген сомалары бар болса, көрсетілген сомалар осы Кодекстің 102-бабында айқындалған тәртіппен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салықтық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызылуға тиіс.
Егер қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың қате төленген сомалары бар болса, онда көрсетілген сомалар осы Кодекстің 103-бабында айқындалған тәртіппен есепке жатқызылуға тиіс.
Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салықтық берешек болмаған кезде:
1) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың қате төленген сомалары оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) қайта ұйымдастыру кезінде ол (олар) алған мүліктегі үлесіне пропорционалды түрде осы Кодекстің 103-бабында айқындалған тәртіппен қайтарылуға жатады;
2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың артық төленген сомалары оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) қайта ұйымдастыру кезінде ол (олар) алған мүліктегі үлесіне пропорционалды түрде осы Кодекстің 101-бабында айқындалған тәртіппен қайтарылуға жатады;
3) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдың бюджетке артық (қате) төленген сомалары оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) қайта ұйымдастыру кезінде ол (олар) алған мүліктегі үлесіне пропорционалды түрде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен қайтарылуға жатады;
4) айыппұлдардың артық (қате) төленген сомалары оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) қайта ұйымдастыру кезінде ол (олар) алған мүліктегі үлесіне пропорционалды түрде осы Кодекстің 106-бабында айқындалған тәртіппен қайтарылуға жатады.
Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға осы тармақта көрсетілген құжаттарды бір мезгілде мынадай шарттар сақталған жағдайда:
1) салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болмаса;
2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, өсімпұл мен айыппұлдардың артық (қате) төленген сомалары болмаса;
3) кеден органдары алатын кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлды есепке жатқызуды және (немесе) олардың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүргізуге арналған орындалмаған салықтық өтініш болмаса, салықтық тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынады.
Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға салықтық берешек, әлеуметтiк төлемдер бойынша берешек, салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, өсімпұл мен айыппұлдардың артық (қате) төленген сомалары болған жағдайда, осы тармақта көрсетілген құжаттарды:
1) салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек өтелген күннен;
2) салықтардың, бюджетке төленген төлемдердің, өсiмпұл мен айыппұлдардың артық (қате) төленген сомалары қайтарылған күннен;
3) кеден органдары алатын кедендiк баждардың, салықтардың, кедендiк алымдар мен өсiмпұлдың артық (қате) төленген сомалары қайтарылған күннен кейiн келетiн күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде ұсынады.
6. Салық органы сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтерін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңадан құрылған заңды тұлғалардың орналасқан жеріндегі салық органына бөлінген заңды тұлғаның жеке шоттары бойынша сальдоны бөлу балансының негізінде береді.
7. Таратудың салықтық есептілігін ұсынуды қоспағанда, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салықтық мiндеттемесiн орындау оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледi.
8. Құқық мирасқорын (құқық мирасқорларын), сондай-ақ құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салықтық берешегін өтеуге қатысу үлесін белгілеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
9. Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы осы заңды тұлғаның құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша оның салықтық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуге негіз болып табылмайды.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 65-баптың тақырыбы өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
65-бап. Қызметі тоқтатылған кезде дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның салықтық міндеттемесін орындау
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам қызметті тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде өзінің орналасқан жеріндегі салық органына бір мезгілде:
1) салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті;
2) таратудың салықтық есептілігін ұсынады.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Таратудың салықтық есептілігі қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері және әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш ұсынылған салықтық кезеңнің басынан бастап осындай өтініш ұсынылған күнге дейінгі кезең үшін жасалады.
Егер кезекті салықтық есептілікті ұсыну мерзімі таратудың салықтық есептілігі ұсынылғаннан кейін басталатын болса, мұндай кезекті салықтық есептілікті ұсыну таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам таратудың салықтық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеуді салық органына таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.
Егер таратудың салықтық есептілігінің алдында ұсынылған салықтық есептілікте көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның салықтық өтінішін салық органы алғаннан кейін салықтық тексеру жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның салықтық берешегі аталған дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның ақшасы, соның ішінде оның мүлкін өткізуден алынған ақша есебінен Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Егер қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерде немесе жеке практикамен айналысатын адамда салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың артық төленген сомалары бар болса, көрсетілген сомалар қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның салықтық берешегін өтеу есебіне осы Кодекстің 102-бабында айқындалған тәртіппен есепке жатқызылуға тиіс.
Егер қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерде немесе жеке практикамен айналысатын адамда салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың қате төленген сомалары бар болса, онда көрсетілген сомалар осы Кодекстің 103-бабында айқындалған тәртіппен есепке жатқызылуға тиіс.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерде немесе жеке практикамен айналысатын адамда салықтық берешек болмаған кезде:
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың қате төленген сомалары осы Кодекстің 103-бабында айқындалған тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың артық төленген сомалары осы Кодекстің 101-бабында айқындалған тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) айыппұлдардың төленген сомалары осы Кодекстің 106-бабында айқындалған тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдың бюджетке артық (қате) төленген сомалары Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Қызметі тоқтатылған дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның салықтық міндеттемесі салықтық тексеру аяқталғаннан кейін және салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек, оның ішінде салықтық тексеру нәтижелері бойынша қалыптасқан берешек болмаған немесе олар осы Кодекстің 115-бабында белгіленген мерзімдерде өтелген кезде орындалды деп есептеледі.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Осы баптың 8-тармағына сәйкес салықтық міндеттеме орындалған күн дара кәсіпкерді немесе жеке практикамен айналысатын адамды салық органындағы тіркеу есебінен шығару күні болып табылады.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Салық органы осы баптың 8-тармағына сәйкес салықтық міндеттеме орындалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асырады және уәкілетті органның интернет-ресурсында осындай салық төлеушінің тіркеу есебінен шығарылғаны туралы ақпаратты орналастырады.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11. Осы Кодекстің 115-бабында белгіленген мерзімдерде төленбеген салықтық берешектің, әлеуметтік төлемдер бойынша берешектің болуы дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тартуға негіз болып табылады.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12. Осы баптың ережелері осы Кодекске сәйкес қызметті тоқтату кезінде салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктерін қолданатын дара кәсіпкерлерге немесе жеке практикамен айналысатын адамдарға қолданылмайды.
66-бап. Қызметі тоқтатылған кезде дара кәсіпкерлердің және жеке практикамен айналысатын адамдардың жекелеген санаттарының салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері
1. Осы бап бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:
2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылған күннен бастап қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асырмайтын қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын не қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері бойынша іріктелген салықтық тексерулер тізіміне енгізілмеген не тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулердің, сондай-ақ тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулердің жартыжылдық графигіне енгізілмеген, қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерлердің және жеке практикамен айналысатын адамдардың салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктерін белгілейді.
Осы бап осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде осы тармақта айқындалған шарттарға сәйкес келетін дара кәсіпкерлерге немесе жеке практикамен айналысатын адамдарға қатысты қолданылады. Осы тармақтың ережелері дара кәсіпкерлер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен басталатын уақыт кезеңі осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен кем дара кәсіпкерлерге де қатысты қолданылады.
2. Дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам қызметті тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда, орналасқан жеріндегі салық органына бір мезгілде:
1) қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті;
2) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны, осындай есепке алу болған кезде;
3) таратудың салықтық есептілігін;
4) осы Кодекстің 169-бабында айқындалған тәртіппен бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті ұсынады.
Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көрсетілген құжатты бақылау-касса машинасы салық органында есепке қойылған жағдайда ұсынады.
3. Таратудың салықтық есептілігі қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам салық төлеушілер (салық агенттері) болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері және әлеуметтік төлемдер бойынша қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш ұсынылған салықтық кезеңнің басынан бастап осындай өтініш ұсынылған күнге дейінгі кезең үшін жасалады.
Егер кезекті салықтық есептілікті ұсыну мерзімі таратудың салықтық есептілігі ұсынылғаннан кейін басталатын болса, мұндай кезекті салықтық есептілікті ұсыну таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
4. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам таратудың салықтық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеуді салық органына таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.
Егер таратудың салықтық есептілігінің алдында ұсынылған салықтық есептілікте көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) салық органына таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
5. Салық органы дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:
1) уәкілетті мемлекеттік органдарға - қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікпен жасалған мәмілелері туралы, сондай-ақ қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш алынған күнгі жағдай бойынша олардың мүлкі туралы мәліметтерді ұсыну туралы;
2) екінші деңгейдегі банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға - қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш алынған күнгі банктік шоттарындағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салу жіберуге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген мәмілелер туралы, сондай-ақ банктік шоттардағы ақша қозғалысы туралы мәліметтер қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерге немесе жеке практикамен айналысатын адамға қатысты салықтық тексеру жүргізілмеген кезең үшін осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде, салық органының қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті алған күніне дейін ұсынылады.
6. Салық органының сұрау салулары бойынша осы баптың 5-тармағында көрсетілген мәліметтер, егер осы Кодекстің 24-бабы бірінші бөлігінің 13) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, оларды алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылуға тиіс.
7. Салық органы осы баптың 5-тармағында көзделген барлық мәліметтерді алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық бақылауды жүзеге асыруға және осы Кодексте айқындалған тәртіппен қорытынды жасауға міндетті.
Қорытындыда камералдық бақылау нәтижелері мен салықтар, бюджетке төленетін төлемдер және әлеуметтік төлемдер бойынша есеп-қисаптардың жай-күйі көрсетіледі.
Қорытынды кемінде екі дана етіп жасалады және оған салық органының лауазымды адамдары қол қояды. Қорытындының бір данасы қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей дара кәсіпкерге немесе жеке практикамен айналысатын адамға қолын қойдыра отырып табыс етіледі немесе оған хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі.