Салық органы дара кәсіпкерге немесе жеке практикамен айналысатын адамға хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберген қорытындыны пошта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, осы Кодексте айқындалған негіздер бойынша және тәртіппен салықтық
зерттеп-қарау жүргізілген күн осындай қорытынды табыс етілген күн болып табылады.
8. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, дара кәсіпкерге немесе жеке практикамен айналысатын адамға қорытынды алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей, осы Кодекстің 12-тарауында айқындалған тәртіппен камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тапсырылады.
Дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды осы Кодекстің 96-бабында айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.
Хабарлама орындалмаған және (немесе) салық органдары салық төлеуші ұсынған түсініктермен келіспеген жағдайда, қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерге немесе жеке практикамен айналысатын адамға қатысты салықтық тексеру жүргізіледі. Бұл ретте салықтық тексеру мұндай хабарламаны орындау мерзімі өткеннен кейін және (немесе) анықталған бұзушылықтар бойынша келіспеу туралы түсінік алынғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.
9. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның салықтық берешегі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген кезектілік тәртібімен аталған дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның ақшасы, оның ішінде мүлкін өткізуден алынған ақшасы есебінен өтеледі.
10. Егер қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерде немесе жеке практикамен айналысатын адамда салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың артық төленген сомалары бар болса, онда көрсетілген сомалар осы Кодекстің 102-бабында айқындалған тәртіппен осы дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның салықтық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызылуға тиіс.
Егер қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерде немесе жеке практикамен айналысатын адамда салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың қате төленген сомалары бар болса, онда көрсетілген сомалар осы Кодекстің 103-бабында айқындалған тәртіппен есепке жатқызылуға тиіс.
11. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерде немесе жеке практикамен айналысатын адамда салықтық берешек болмаған кезде:
1) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың қате төленген сомалары осы Кодекстің 103-бабында айқындалған тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;
2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың артық төленген сомалары осы Кодекстің 101-бабында айқындалған тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;
3) айыппұлдардың төленген сомалары осы Кодекстің 106-бабында айқындалған тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;
4) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдың бюджетке артық (қате) төленген сомалары Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады.
12. Салық төлеушi салықтық берешекті, әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті төлеуді (аударуды) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды жасалған немесе хабарлама орындалған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.
13. Дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам:
1) камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар және салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болмаған кезде - қорытынды жасалған;
2) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар болған және салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болмаған кезде - осындай бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалған;
3) салықтық берешек болған кезде және камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар толық көлемде жойылған кезде - салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек өтелген күннен бастап тіркеу есебінен шығарылды деп танылады.
Дара кәсіпкерді немесе жеке практикамен айналысатын адамды осы тармақта айқындалған тәртіппен тіркеу есебінен шығару туралы ақпарат осындай салық төлеушілер тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Осы баптың 12-тармағында белгіленген мерзімдерде төленбеген салықтық берешектің, әлеуметтік төлемдер бойынша берешектің болуы дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тартуға негіз болып табылады.
67-бап. Дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату
2021.24.06. № 53-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату осы Кодекстің 95-бабында белгіленген камералдық бақылау жүргізілмей:
1) салық төлеушінің қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішінің;
2021.24.06. № 53-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларда - салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініште немесе патент құнының есеп-қисабында қамтылған жазбаша келісімнің;
2021.24.06. № 53-VII ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3) осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларда - арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режиміне ауысқан кезде онда көрсетілген келісімнің негізінде жүзеге асырылады.
2. Қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті беру кезінде бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:
1) қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын;
2) бірлескен кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асырмайтын;
3) осы Кодекстің 88-бабының 1-тармағында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асырмайтын;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері бойынша іріктелген салықтық тексерулер тізімінде жоқ не тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулердің, сондай-ақ тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулердің жартыжылдық графигінде жоқ;
5) салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;
6) тармақша 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекелдер деңгейі жоғары емес дара кәсіпкерлер қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтатуға жатады.
Осы бап осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында айқындалған шарттарға сәйкес келетін дара кәсіпкерлерге қатысты қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш берілген күнге немесе осы баптың 5-тармағында белгіленген жағдайлар басталғанға дейін қолданылады.
3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде дара кәсіпкер өзінің орналасқан жеріндегі салық органына бір мезгілде:
1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;
2) таратудың салықтық есептілігін;
3) осы Кодекстің 169-бабында айқындалған тәртіппен бақылау-касса машинасын (ол бар болған кезде) есептен шығару туралы салықтық өтінішті ұсынады.
Таратудың салықтық есептілігі қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері және әлеуметтік төлемдер бойынша қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш ұсынылған салықтық кезеңнің басынан бастап осындай өтініш ұсынылған күнге дейінгі кезең үшін жасалады.
Егер кезекті салықтық есептілікті ұсыну мерзімі таратудың салықтық есептілігі ұсынылғаннан кейін басталатын болса, мұндай кезекті салықтық есептілікті ұсыну таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
4. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде таратудың салықтық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу салық органына таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Егер таратудың салықтық есептілігінің алдында ұсынылған салықтық есептілікте көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Салық органы осы тармаққа сәйкес салықтық міндеттеме орындалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асырады және уәкілетті органның интернет-ресурсында дара кәсіпкердің тіркеу есебінен шығарылғаны туралы ақпаратты орналастырады.
Салық органы:
1) осы баптың 2-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келмеген кезде және (немесе) қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш берілген күннен бастап үш жүмыс күні ішінде осы баптың 3-тармағының талаптары орындалмаған кезде;
2) салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы тармақта көзделген талаптар орындалмаған кезде дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тартады және уәкілетті органның интернет-ресурсында ақпаратты орналастырады.
2021.24.06. № 53-VII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Мынадай жағдайларда:
1) патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын және патенттiң қолданылу мерзiмi өткен немесе қызметті тоқтата тұру кезеңі аяқталған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде патент құнының кезекті есеп-қисабын ұсынбаған;
2021.24.06. № 53-VII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын және осындай қосымшада кірісті жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер есептелген және төленген соңғы ай күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде көрсетпеген;
2021.24.06. № 53-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған және қызметті тоқтата тұру кезеңі аяқталғаннан кейін салықтық есептілікті ұсынудың осы Кодексте белгіленген мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде салықтық есептілікті ұсынбаған дара кәсіпкерлер осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтатуға жатады.
Осы тармақта көрсетілген жағдайларда, дара кәсіпкердің орналасқан жеріндегі салық органы дара кәсіпкер ретіндегі тіркеу есебінен шығаруды:
осы баптың 2-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келген кезде;
салық органында тіркеу есебінде тұрған бақылау-касса машинасы болмаған жағдайда;
осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 1-1) және 2) тармақшаларында белгіленген мерзімдердің біреуі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Дара кәсіпкерді осы тармақта айқындалған тәртіппен тіркеу есебінен шығару туралы ақпарат осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 1-1) және 2) тармақшаларында белгіленген мерзімдердің біреуі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Салық төлеуші:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеген;
осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде соңғы патенттің қолданылу мерзімі өткен (қызметті тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда);
осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініште көрсетілген қызметті тоқтата тұру кезеңі аяқталған;
осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында және 5-тармағы бірінші бөлігінің 1-1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер (қызметті тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда) есептелген және төленген соңғы ай өткен күннен кейінгі күннен бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған болып танылады.
7. Салық органы осы бапқа сәйкес дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылғаннан кейін талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, дара кәсіпкер ретінде тіркелу кезеңінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтар, бюджетке төленетін төлемдер және әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық міндеттемелерді есептеуді жеке тұлға оларды төлеу бойынша міндеттемелер туындаған кезге қолданыста болатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізеді.
3-БӨЛІМ. САЛЫҚТЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ САЛЫҚТЫҚ ӘКІМШІЛЕНДІРУДІҢ ӨЗГЕ ДЕ НЫСАНДАРЫ
8-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 68-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
68-бап. Салықтық әкімшілендіру
1. Салықтық әкімшілендіру салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді жинау бойынша салық органдары және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асыратын, оның ішінде салықтық бақылауды жүзеге асыруды, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер және салықтық әкімшілендірудің осы Кодексте белгіленген өзге де нысандарын көрсетуді білдіретін шаралар мен тәсілдер жүйесі (жиынтығы) болып табылады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Салықтың әкімшілендіруді жаңғырту және жетілдіру мақсатында салық органдары салықтық әкімшілендірудің және салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерді орындауының өзге тәртібін көздейтін пилоттық жобаларды іске асыруды (ендіруді) жүзеге асыруға құқылы.
Бұл ретте пилоттық жоба қолданылатын салық төлеушілердің санаттарын, салық төлеушілердің, салық органдары мен өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін, пилоттық жобаларды іске асыру (ендіру) жүзеге асырылатын аумақты (учаскені) және (немесе) өңірді, пилоттық жобаларды іске асыру (ендіру) қағидалары мен мерзімдерін уәкілетті орган айқындайды.
2) салық төлеуші мен салық органдары арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру;
3) тәуекелдерді бағалауға негізделген салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру кезіндегі сараланған тәсіл қағидаттарына негізделеді.
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуына салық органдары жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау салықтық бақылау болып табылады.
1) салықтық тексеру нысанында;
2) мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.
3. Салықтық бақылаудың осы нысандары шеңберінде:
1) салықтық міндеттеменің, әлеуметтік төлемдерді есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттердің орындалуын есепке алу;
2) бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібінің сақталуын бақылау;
3) акцизделетін тауарларды, сондай-ақ авиациялық отынды, биоотынды және мазутты бақылау;
4) трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау;
5) мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын бақылау;
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын орындауға бағытталған функцияларды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындау бөлігінде уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметін бақылау;
7) тармақша 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу тәртібінің сақталуын бақылау;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) құзыреттер шегінде таңбалауға және қадағалануға жататын тауарлардың айналымын бақылау жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары шеңберінде:
1) салық төлеушілерді салық органдарында тіркеу;
2) салықтық нысандарды қабылдау;
6) этил спиртін өндіруді жүзеге асыратын ұйымдарда этил спиртінің есепке алынуын бақылау;
7) 2019 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8) тауарлардың айналымын қадағалап отыру жүзеге асырылады.
5-тармақ 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5. Уәкілетті орган арнаулы мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарымен, құқық қорғау органдарымен бірлесіп камералдық бақылау, салықтық тексеру жүргізудің ерекше тәртібін және өздеріне қатысты осындай тексеру жүргізілетін тұлғалар тізбесін айқындайды.
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Салықтық тексеру жүргізудің жалпы тәртібі осы Кодексте, сондай-ақ осы Кодекспен реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалады.
7. Салықтық тексеруді жүргізу тәртібі мен мерзімдерінің ерекшеліктері осы Кодексте айқындалады.
8. Кеден органдары өз құзыреті шегінде осы Кодекске, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлардың өткізілуiмен байланысты салықтық бақылауды жүзеге асырады, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін және төленуге салықтар бойынша мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.
70-бап. Салықтық зерттеп-қарау
1. Салық төлеушінің (салық агентінің) іс жүзінде бар немесе жоқ екенін растау мақсатында салық органы жүзеге асыратын мемлекеттік бақылаудың өзге нысаны салықтық зерттеп-қарау болып табылады.
Салықтық зерттеп-қарау салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша жұмыс уақытында жүргізіледі.
Салықтық зерттеп-қарауды жүргізуге қатысу үшін осы Кодексте айқындалған тәртіппен куәгерлер тартылады.
2. Салықтық зерттеп-қарауды жүргізу үшін:
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеру жүргізу туралы хабарламаны, нұсқаманы, камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытындыны, салықтық тексерудің алдын ала актісін, салықтық тексеру актісін, мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді және (немесе) билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің актісін табыс етудің мүмкін болмауы;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жерінде болмауы себебіне орай салық органы хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберген, осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 2), 3) және 7) тармақшаларында көзделген хабарламаны пошта немесе өзге байланыс ұйымының қайтаруы негіз болып табылады.
Бұл ретте салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты осы тармақшада көзделген негіз бойынша салықтық зерттеп-қарау осындай хатты пошта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған күннен кейін жүргізіледі.
Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 115-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда қолданылмайды;
3) осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жерінде іс жүзінде бар немесе жоқ екенін растау қажеттігі негіз болып табылады.
Салықтық зерттеп-қарау жүргізу үшін осы тармақшада көзделген негіз осы Кодекстің 213 және 214-баптарында айқындалған тәртіппен салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған салық төлеушілерге, сондай-ақ банкроттық рәсімі қолданылған салық төлеушілерге қатысты қолданылмайды;
4) осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген хабарламаны орындамаған салық төлеушінің, сондай-ақ осы Кодекстің 91-бабына сәйкес әрекет етпейтін деп танылған салық төлеушінің іс жүзінде бар немесе жоқ екенін растау қажеттігі негіз болып табылады.
3. Салықтық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша салықтық зерттеп-қарау актісі жасалады, онда:
жасалған жері, күні мен уақыты;
актіні жасаған салық органының лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
салық органының атауы;
тартылған куәгердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі, тұрғылықты жерінің мекенжайы;
салық төлеушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;
салықтық зерттеп-қарау нәтижелері туралы ақпарат көрсетіледі.
Салық органы салық төлеушiнiң тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жерiнде оның жоқ екені анықталған салықтық зерттеп-қарау актісін жасаған күннен кейiнгi күннен кешiктiрмей, осындай салық төлеушiнiң сәйкестендiру нөмiрiн атауын немесе тегiн, атын, әкесiнiң атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), салықтық зерттеп-қарау актiсiн жүргiзу күнiн көрсете отырып, ол туралы ақпаратты уәкiлеттi органның интернет-ресурсына орналастырады.
4. Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша жүргізілген салықтық зерттеп-қарау нәтижесінде салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жерінде іс жүзінде жоқ екені анықталған жағдайда, салық органы мұндай салық төлеушіге салық төлеушінің орналасқан жерін (жоқ екенін) растау туралы хабарлама жібереді.
2023.12.12. № 45-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Салық органы осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны жіберген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде салық төлеуші салық органына өзі келу тәртібімен салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжаттардың көшірмелерін және түпнұсқасын (салыстырып тексеру үшін) немесе құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, салықтық зерттеп-қарау кезінде болмау себептері туралы жазбаша түсінік ұсынуға міндетті.
Мынадай құжаттардың бірі:
жылжымайтын мүлікке меншік (оны пайдалану) құқығын растайтын құжат;
орналасқан жері ретінде мәлімделген жылжымайтын мүлік меншік құқығында болатын жеке тұлғаның жазбаша келісімі салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжат болып табылады.
Салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжаттың көшірмесін нотариат куәландыратын және оны салық органына ұсынатын күндер арасындағы мерзім он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Салық төлеуші осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талапты орындамаған жағдайда, салық органы мынадай әрекеттердің бірін жүзеге асырады:
1) осы Кодекстің 118-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес мұндай салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады;
2) жазбаша түсінік ұсыну үшін осы тармақта белгіленген мерзімнің соңғы күніне мұндай салық төлеушіде ашылған банктік шоттар болмаған жағдайда, осы Кодекстің 85-бабының 4-тармағында айқындалған тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығаруды жүргізеді.