(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛ...

Предыдущая страница

6. Осы баптың 5-тармағы төртінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда, салық төлеуші өзінің банктік шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатыла тұрған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық органына өзі келу тәртібімен салықтық зерттеп-қарау кезінде орналасқан жерінде болмау себептері туралы жазбаша түсінік ұсынуға міндетті.

Салық төлеуші осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талапты орындамаған жағдайда, салық органы осы Кодекстің 85-бабының 4-тармағында айқындалған тәртіппен мұндай салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығаруды жүргізеді.

 

71-бап. Куәгерлердің қатысуы

1. Салық органдары лауазымды адамдарының мынадай әрекеттер жасауы:

1) салық органдары лауазымды адамының салықтық мiндеттемені орындау жөнiндегі хабарламаны, касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмді, мүлiкке билік етуді шектеу туралы шешiмді, мүлiк тiзiмдемесiнiң актiсiн, салықтық тексеру жүргiзу туралы хабарламаны, нұсқаманы, салықтық тексеру актiсiн және осы Кодексте көзделген салық органдарының өзге де құжаттарын табыс етуі;

2) салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеу;

3) салық салу объектiсi және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлiкке оның орналасқан жеріне қарамастан, нұсқаманың негiзiнде жүргізілетін зерттеп-қарау;

4) нұсқаманың негiзiнде салық төлеушiнiң (салық агентінің) мүлкіне (тұрғын үй-жайлардан басқа), оның ішінде осы Кодексте айқындалған тәртіппен арнайы құралдарды (фото-, аудио-, бейнеаппаратураларды) қолдана отырып түгендеу жүргiзу;

5) салықтық зерттеп-қарау өздерінің талап етуі немесе салық төлеушінің (салық агентінің) талап етуі бойынша куәгерлердің қатысуымен жүзеге асырылуы мүмкін.

2. Куәгерлер ретінде салық органдары лауазымды адамының және салық төлеушiнің (салық агентінің) әрекеттері нәтижесіне мүдделі емес, саны екі адамнан кем болмайтын кәмелетке толған, әрекетке қабілетті азаматтар тартылуы мүмкін.

3. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының және өзіне қатысты әрекет жүргізіліп жатқан салық төлеушi (салық агенті) жұмыскерлерінің, құрылтайшыларының куәгерлер ретінде қатысуына жол берілмейді.

4. Куәгерлер әрекеттер жасалған кезде өздері қатысқан, салық органдарының лауазымды адамы жасайтын хаттамада (актіде) тіркелген, салық органдарының лауазымды адамдары мен салық төлеушi (салық агенті) әрекеттерінiң фактісін, мазмұнын және нәтижелерін куәландырады.

5. Куәгер жасалған әрекеттерге байланысты ескертулер жасауға құқылы. Куәгердің жасаған ескертулері салық органдарының лауазымды адамы жасаған хаттамаға (актіге) енгізілуге жатады.

6. Салық органдарының лауазымды адамы куәгерлердің қатысуымен жасайтын хаттамада (актіде):

1) хаттаманы (актіні) жасаған салық органдары лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

2) салық органының атауы;

3) әрекет жасалған жер мен күн;

4) әрекетке қатысқан немесе ол жүргізілген кезде болған әрбір адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күні, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі;

5) әрекеттің мазмұны мен оны жүргізудің жүйелілігі;

6) әрекеттің басталған және аяқталған уақыты;

7) әрекет жасалған кезде анықталған фактілер мен мән-жайлар көрсетіледі.

7. Салық органдарының лауазымды адамы әрекет жасауға қатысқан немесе ол жасалған кезде болған барлық адамды хаттамамен (актімен) таныстыруға міндетті. Хаттамамен (актімен) таныстырғаннан кейін салық органдарының лауазымды адамы, сондай-ақ әрекет жасауға қатысқан немесе ол жасалған кезде болған барлық адам хаттамаға (актіге) қол қояды.

8. Әрекет жасалған кезде орындалған фотографиялық түсірілімдер мен негативтер, бейнежазбалар немесе басқа да материалдар (олар болған жағдайда) хаттамаға (актіге) қоса беріледі.

9. Салық органдарының лауазымды адамы осы бапта айқындалған тәртіппен жасаған хаттама (акт) осы баптың 1-тармағында көрсетілген әрекеттерді жасау фактісін тіркейді және растайды.

 

72-бап 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

72-бап. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірісін жекелеген жағдайларда, оның ішінде жанама әдіспен айқындау

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірісін жекелеген жағдайларда, жанама әдіспен де айқындау жеке тұлғаның салық декларацияларында көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен анықтығын айқындау мақсатында, сондай-ақ жеке табыс салығы бойынша салықтық міндеттеменің туындауына алып келетін уәкілетті органдар мен үшінші тұлғалардың деректері бойынша жеке тұлғаға қатысты салықтық бақылауды жүзеге асыру барысында қолданылады.

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Осы Кодексте көзделген салық декларацияларында көрсетілген мәліметтер, сондай-ақ уәкілетті органдар мен үшінші тұлғалардың деректері осы Кодекстің 48-бабында белгіленген салықтық міндеттеме мен талап бойынша талап қоюдың ескіру мерзіміне қарамастан, жеке тұлғаның шығыстарын жүзеге асыруға бағытталған кірістерді растау үшін ескерілуі мүмкін.

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Осы Кодексте көзделген салық декларацияларында көрсетілген мынадай:

1) шет мемлекеттегі, оның ішінде осы Кодекстің 294-бабына 3-тармағына сәйкес айқындалатын жеңілдікті салық салынатын шет мемлекеттегі мүлік туралы;

2) дебитор және (немесе) кредитор болып табылатын жеке немесе заңды тұлға шет мемлекетте, оның ішінде осы Кодекстің 294-бабының сәйкес айқындалатын жеңілдікті салық салынатын шет мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген жағдайда, басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешегі) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешегі) туралы мәліметтер шет мемлекеттің құзыретті органы шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес берген растау құжаттары болғанда ғана жеке тұлғаның шығыстарын жүзеге асыруға бағытталған кірістерді растау үшін ескерілуі мүмкін.

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірісін жекелеген жағдайларда, жанама әдіспен де айқындау мақсатында салық органдары уәкілетті органдардан, екінші деңгейдегі банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан, үшінші тұлғалардан, шет мемлекеттердің құзыретті органдарынан және басқа да ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді пайдаланады.

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Осы баптың күші дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға қатысты олардың осындай қызметті жүзеге асыруынан түскен кірістерді айқындау бөлігінде қолданылмайды.

6. Егер жеке тұлғаның салық декларацияларында көрсетілген кірістері оның шығыстарына, оның ішінде мүлікті сатып алуға жұмсалған шығыстарына сәйкес келмеген жағдайда, салық органдары жеке тұлғаларға салықтық бақылауды жүзеге асыру барысында жеке тұлғаның кірісін айқындаудың мынадай жанама әдіс түрлерін қолдануға құқылы:

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) активтердің құн өсімі әдісі салықтық бақылаумен қамтылған кезеңде жеке тұлғада мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті сатып алуға жұмсалатын шығыстар болған жағдайда пайдаланылады.

Бұл әдіс осы тармақшада көрсетілген мүліктің белгілі бір кезеңдегі өсім құнын салық декларацияларында көрсетілген кірістермен салыстыру жолымен қолданылады;

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) шығындарды есепке алу әдісі салықтық бақылаумен қамтылған кезеңде жеке тұлғада осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген шығыстар болған жағдайда пайдаланылады.

Бұл әдіс жеке тұлғаның осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген шығыстарын салық декларацияларында көрсетілген кірістермен салыстыру жолымен қолданылады;

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) банктік шоттардағы қаражаттың қозғалысын есепке алу әдісі салықтық бақылаумен қамтылған кезеңде жеке тұлғада екінші деңгейдегі банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы шоттарда жеке тұлғаның ақша жинақтары өзгерген жағдайда пайдаланылады.

Бұл әдіс екінші деңгейдегі банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы шоттарда жеке тұлғаның ақша жинақтарының өзгеруін салық декларацияларында көрсетілген кірістермен салыстыру жолымен қолданылады.

7. Салықтық бақылауды жүзеге асыру кезінде салық органдары қажет болған жағдайда осы бапта айқындалған әдістер жиынтығын пайдалануы мүмкін.

8. Осы бапта айқындалған әдістер қолданылған кезде салықтық бақылауды жүзеге асыру барысында жеке тұлғаның міндеттемелері ескеріледі.

9. Осы бапта көрсетілген әдістермен жеке тұлғаның кірістерін айқындау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

 

73-бап. Салық төлеушілерге жәрдемдесу

1. Салық органдары салық төлеушілерге (салық агенттеріне):

1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын түсіндіру;

2) салықтық міндеттемені орындау бойынша бюджетпен есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібі туралы мәліметтерді ұсыну;

3) салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша электрондық төлем құжатын қалыптастыра отырып, электрондық нысанда салықтық есептілікті, осы Кодексте белгіленген өзге де есептілікті ұсыну үшін бағдарламалық қамтылымды беру;

4) жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша салықтық міндеттемелерінің бар екендігі туралы мәліметтерді ұсыну;

5) салық органдарының интернет-ресурстарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

6) тармақша 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

6) салық органдарының ұтқыр топтарының уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жеке тұлғалардың декларацияларын қабылдауы жолымен жәрдемдеседі.

Осы Кодекстің мақсаттары үшін салық органдарының қызметкерлерінен тұратын, жеке тұлғалардың декларацияларын жасау бойынша консультация беретін және салық төлеушілердің жекелеген санаттарынан осындай декларацияларды қабылдауды жүзеге асыратын көшпелі топ салық органдарының ұтқыр тобы болып табылады;

7) салық мәдениетін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізу;

2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды өткізу;

2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

9) сервистік бағдарламалық өнімдер арқылы, оның ішінде басшыға және (немесе) бюджетпен есеп айырысулар бойынша жауапты жұмыскерге ақпараттық хабарлар жіберу жолымен жәрдемдеседі.

Осы тармақшаның ережелері ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды.

2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасын насихаттау салық төлеушілердің (салық агенттерінің) салық мәселелері бойынша хабардар болуын арттыру, оның ішінде Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ережелерін және оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды, сондай-ақ салықтық міндеттемені орындауға байланысты мәселелер бойынша ақпаратты олардың назарына жеткізу жолымен хабардар болуын арттыру мақсатын көздейді.

Салық органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасын насихаттауды семинарлар, отырыстар, салық төлеушілермен (салық агенттерімен) кездесулер өткізу, бұқаралық ақпарат құралдарын, ақпараттық стендтерді, буклеттерді және өзге де баспа материалдарын, сондай-ақ бейне-, аудио- және ақпарат тарату үшін қолданылатын басқа да техникалық құралдарды, телефон және ұялы байланыс құралдарын пайдалана отырып ақпаратты орналастыру жолымен жүзеге асырады.

3. Салық органдары салық төлеушілерге (салық агенттеріне) төлем құжатын толтыру тәртібі туралы, төлем құжатын толтыруға қажетті деректемелер туралы мәліметтерді қоса алғанда, салықтық міндеттемені орындау бойынша бюджетпен есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібі туралы мәліметтерді ұсынады.

4. Бағдарламалық қамтылым оны орнату жөніндегі нұсқаулық материалымен қоса беріледі, бұл салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеуге арналған электрондық төлем құжатын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

5. Салық органдары жеке тұлғаларға салық органдарының жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралы салығы бойынша есептеген салықтық міндеттемелерінің сомалары және (немесе) салықтық берешектің бар сомасы туралы мәліметтерді:

1) салық органдарының интернет-ресурстарына орналастыру;

2) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді беруші есеп айырысулар үшін қолданатын құжаттарда көрсету;

3) салық төлеушінің электрондық поштасының мекенжайларына жіберу;

2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) салық төлеуші ұсынған ұялы телефондардың нөмірлеріне қысқа мәтіндік хабар жіберу;

2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5) салықтық мобильдік қосымша арқылы жіберу жолымен ұсынады.

Осы көрсетілетін қызметтерді алу үшін салық төлеуші тұрғылықты жеріндегі салық органына жазбаша нысанда электрондық поштасының мекенжайын, ұялы телефондарының нөмірлерін береді.

6. Салық органдары салық төлеушілердің (салық агенттерінің) интернет-ресурстар арқылы тегін негізде ақпарат алуына көмек көрсетеді.

 

 

9-тарау. САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІ САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНДА ТІРКЕУ

 

74-бап. Жалпы ережелер

1. Уәкілетті орган салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқорын қалыптастыру жолымен салық төлеушілердi есепке алуды жүргізеді.

2. Салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқоры салық төлеушілерді есепке алуды жүзеге асыруға арналған ақпараттық жүйе болып табылады.

3. Салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқорын қалыптастыру:

1) жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркеу;

2) салық төлеушіні:

дара кәсіпкер және жеке практикамен айналысатын адам ретінде;

қосылған құн салығы бойынша;

2) тармақшаның төртінші абзацы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)

жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне алу болып табылады.

4. Жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін салық төлеуші ретінде тіркеу:

1) аталған тұлғалар туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқорына енгізуді;

2) салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқорындағы тіркеу деректерін өзгертуді және (немесе) толықтыруды;

3) салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқорынан салық төлеуші туралы мәліметтерді алып тастауды қамтиды.

5. Салық төлеушіні тіркеу есебі салық төлеушіні осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тіркеу есебіне қоюды, салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді, салық төлеушіні тиісті тіркеу есебінен шығаруды қамтиды.

6. Салық органдарына:

1) уәкілетті мемлекеттік органдар;

2) осы Кодекстің 24-бабының 1) және 7) тармақшаларына сәйкес екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;

3) салық төлеуші ұсынған немесе мәлімдеген салық төлеуші туралы мәліметтер салық төлеушінің тіркеу деректері болып табылады.

7. Осы Кодекстің мақсаттары үшін:

1) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасына сәйкес азаматты тіркеу орны - жеке тұлғаның тұрғылықты жері;

2) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасына сәйкес азаматты Қазақстан Республикасындағы соңғы тіркеу орны - Қазақстан Республикасынан тысқары жерде тұратын, Қазақстан Республикасында тіркеу орны жоқ Қазақстан Республикасы азаматының тұрғылықты жері;

3) салық органында дара кәсіпкер және жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген, дара кәсіпкер және жеке практикамен айналысатын адам қызметін басымдықпен жүзеге асыратын орын - дара кәсіпкердің және жеке практикамен айналысатын адамның орналасқан жері;

4) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген, резидент-заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлiмшесiнiң, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнiң тұрақты жұмыс iстейтiн органының орналасқан жерi - оның орналасқан жерi;

5) салық органында салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде мәлімделген, қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын орын - филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның орналасқан жері;

6) директорлар кеңесінің жиналысында айқындалған немесе осыған ұқсас басқару органы айқындаған, салық органында салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде мәлімделген және басқару органының тиісті хаттамасында көрсетілген нақты басқару органының Қазақстан Республикасында орналасқан жері - тиімді басқару орны Қазақстан Республикасында болатын шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның орналасқан жері;

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасына сәйкес айқындалған, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның уақытша болатын жері шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның болатын жері деп танылады.

Бұл ретте осы Кодекстің 658-бабына сәйкес салық төлеу бойынша салықтық міндеттеме туындайтын, Қазақстан Республикасына келмейтін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам үшін осындай шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасындағы көздерден кірістер төлейтін тұлғаның тұрғылықты жері оның болатын жері деп танылады.

 

 

1-параграф. Салық төлеушi ретiнде тiркеу

 

75-бап. Жеке, заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқорына енгізу

1. Егер осы Кодекстің 76-бабының 12-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық органы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқорына енгізуді сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтері негізінде жеке, заңды тұлғаларға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне сәйкестендіру нөмірі берілгеннен кейін жүзеге асырады.

2. Салық органдары салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқорына:

1) жеке тұлға, оның ішінде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам туралы мәліметтерді - тұрғылықты немесе болатын жері бойынша;

2) резидент-заңды тұлға және оның құрылымдық бөлімшесі, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі, тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға туралы мәліметтерді - орналасқан жері бойынша;

3) Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға мәліметтерді - тұрақты мекемесінің орналасқан жері бойынша;

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) осы Кодекстiң 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агентi болып табылатын немесе осы Кодекстің 650-бабының 11-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін, осы Кодекстің 650-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерiн сатып алатын (өткізетін) бейрезидент-заңды тұлға туралы мәліметтерді - осы Кодекстiң 650-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның орналасқан жерi бойынша енгізуді жүзеге асырады. Осы тармақшаның ережелері, егер осы Кодекстің 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 650-бабының 11-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін бейрезидент-заңды тұлға қызметін Қазақстан Республикасында салық төлеуші ретінде салық органдарында тіркелген тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын болса, қолданылмайды.

Егер осындай бейрезидент-заңды тұлға бағалы қағаздарды, активтер құнының 50 және одан да көп пайызын жер қойнауын пайдаланушылар болып табылатын екі және одан да көп тұлғалардың мүлкі құрайтын заңды тұлғадағы қатысу үлесін сатып алған (өткізген) жағдайда, онда салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына бейрезидент туралы мәліметтерді енгізуді уәкілетті органның орналасқан жеріндегі салық органы жүзеге асырады;

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 8) тармақшасында, 654-бабының 7) тармақшасында белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда, бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алатын бейрезидент-заңды тұлға туралы мәліметтерді - бағалы қағаздары немесе қатысу үлестері сатып алынатын заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша;

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) осы Кодекстің 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 650-бабының 11-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін, осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген мүлікті қоспағанда, Қазақстан Республикасында мүлік сатып алатын (өткізетін) бейрезидент-заңды тұлға туралы мәліметтерді - мүліктің орналасқан жері бойынша енгізуді жүзеге асырады. Осы тармақшаның ережелері, егер осы Кодекстің 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 650-бабының 11-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін бейрезидент-заңды тұлға Қазақстан Республикасында қызметін салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелген тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын болса, қолданылмайды;

7) Қазақстан Республикасында аккредиттелген, шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгі туралы мәліметтерді - дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiктің орналасқан жері бойынша;

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) қызметін осы Кодекстің 220-бабының 3-тармағына сәйкес бейрезиденттiң тұрақты мекемесi ретінде қаралатын тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға туралы мәліметтерді - тәуелді агенттің орналасқан (тұрғылықты, болатын) жері бойынша;

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) қызметін осы Кодекстің 220-бабының 1-тармағына сәйкес бейрезиденттің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын сақтандыру ұйымы немесе сақтандыру брокері арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға туралы мәліметтерді - сақтандыру ұйымының немесе сақтандыру брокерінің орналасқан жері бойынша;

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) қызметін осы Кодекстің 220-бабының 1-тармағына сәйкес бейрезиденттің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын бірлескен қызмет туралы шарт шеңберінде жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға туралы мәліметтерді - бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы-резиденттің орналасқан (тұрғылықты, болатын) жері бойынша;

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11) резидент-екінші деңгейдегі банктерде ағымдағы шоттар ашатын бейрезидент-заңды тұлға туралы мәліметтерді - осындай резидент-банктің орналасқан жері бойынша енгізуді жүзеге асырады.