3. Салық органдары салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына мәліметтерді енгізуді сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтерін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына осы Кодекстің 650-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлға туралы мәліметтерді енгізуді оның орналасқан жеріндегі салық органы уәкілетті органнан бейрезиденттің осы Кодекстің 650-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерін сатып алғаны туралы мәліметтерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен 75-1-баппен толықтырылды (2022 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
75-1-бап. Салық төлеушінің паспорты
1. Салық төлеушінің паспортын қоғамдық тамақтандыру және сауда салаларында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер тікелей бақылау - касса машиналары тұрған және халыққа хабар беру үшін жалпыға бірдей қолжетімді орындарда орналастырады.
2. Салық төлеушінің паспортында мынадай мәліметтер қамтылады:
2) дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның атауы;
3) дара кәсіпкердің, заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
4) салық төлеушінің мәртебесі - әрекет ететін, әрекет етпейтін, салықтық есептілікті ұсынуды тоқтатқан;
5) тіркеу есебіне қойылған күн, тіркеу есебінен шығарылған күн;
6) бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірі, бақылау-касса машинасын пайдалану орны;
7) алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияның болуы немесе болмауы.
3. Салық төлеуші паспортының мәліметтерін салық органы айына бір рет есепті айдан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмейтін мерзімде қалыптастырады және ол уәкілетті органның сайтында жариялануға жатады.
76-бап. Бейрезидентті салық төлеушi ретінде тiркеу ерекшеліктері
1. Филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға осы Кодекстің 220-бабының ережелерін ескере отырып, салық төлеуші ретінде тіркелу үшін қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыра бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде тұрақты мекеменің орналасқан жеріндегі салық органына мынадай:
2) мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) осындай құжат болған кезде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4) бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтер қамтылатын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті беруге міндетті.
2. Тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға Қазақстан Республикасын тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) деп тану туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде орналасқан жеріндегі салық органына мынадай:
2) мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын;
3) осындай құжат болған кезде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің ол болған кезде инкорпорация елiндегi немесе резиденттік еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттардың;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) директорлар кеңесі жиналысының немесе осыған ұқсас басқару органының хаттамасының;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5) бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтер қамтылатын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті беруге міндетті.
3. Тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға орналасқан жері бойынша есепке қою туралы салықтық өтінішті ұсынған және оның Қазақстан Республикасында филиал (өкілдік) ашпай, тұрақты мекемесі бар болған жағдайда, мұндай тұрақты мекеме осы Кодекстің 63-бабында айқындалған тәртіппен осы заңды тұлғаға өзінің құқықтары мен міндеттерін беруге міндетті.
Заңды тұлға тиімді басқару орнын (нақты басқару органының орналасқан жерін) Қазақстан Республикасына көшіру туралы шешім қабылдаған және оның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме ретінде тіркелген филиалы (өкілдігі) бар болған жағдайда, мұндай филиалдың (өкілдіктің) тіркеу деректері осы Кодекстің 77-бабында айқындалған тәртіппен өзгертілуге жатады.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы Кодекстің 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 650-бабының 11-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін, Қазақстан Республикасында мүлікті сатып алатын (өткізетін) бейрезидент-заңды тұлға мүлік сатып алғанға (өткізгенге) дейін салық төлеуші ретінде тіркелу үшін мүліктің орналасқан жеріндегі салық органына мынадай:
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) бейрезидент-заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының;
2) бейрезидент-заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) осындай құжат болған кезде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынуға міндетті.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Қызметі осы Кодекстің 220-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес бейрезиденттің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын сақтандыру ұйымы (сақтандыру брокері) немесе тәуелді агент, осындай бейрезидентті салық төлеуші ретінде тіркеу үшін осы Кодекстің 220-бабының 10-тармағына сәйкес айқындалған, қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде орналасқан жеріндегі салық органына мынадай:
1) бейрезиденттің атынан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, келісімшарттарға қол қоюға өкілеттіктер беруге немесе өзге мақсаттарға арналған шарттың (келісімнің, келісімшарттың немесе өзге де құжаттың) бар болған жағдайда;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) өзі тұрақты мекемесі болып табылатын бейрезидент-заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының;
3) бейрезидент-заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, өзі тұрақты мекемесі болып табылатын бейрезиденттiң инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттың;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) бейрезидентте болған кезінде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, өзі тұрақты мекемесі болып табылатын бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттың;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5) бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтер қамтылатын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынуға міндетті.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Қызметі тұрақты мекеме құруға алып келетін резидентпен жасасылған бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы - бейрезидент-заңды тұлға салық төлеуші ретінде тіркелу үшін осы Кодекстің 220-бабының 10-тармағына сәйкес айқындалған, қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы - резиденттің орналасқан (тұрғылықты, болатын) жеріндегі салық органына мынадай:
1) бірлескен қызмет туралы шарттың;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) бейрезидент-заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының;
3) мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттың;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) ол болған кезде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттың;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5) бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтер қамтылатын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынуға міндетті.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Резидент-банктерде ағымдағы шоттар ашатын бейрезидент-заңды тұлға шот ашқанға дейін салық төлеуші ретінде тіркелуге міндетті. Салық төлеуші ретінде тіркелу үшін осындай бейрезидент банктің орналасқан жеріндегі салық органына осы баптың 2-тармағында белгіленген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынады.
8 - 11. 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12. Осы Кодекстің 75-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында аталған бейрезидент-заңды тұлға Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыреті шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың осы Кодекстің 650-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерін бейрезидент-заңды тұлғаның сатып алуы туралы мәліметтері немесе осы баптың 4-тармағында белгiленген құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерiн қоса бере отырып, осындай бейрезидент ұсынған тiркеу есебiне қою туралы салықтық өтiнiш негізінде салық төлеуші ретінде тіркелуге жатады.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 13-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13. Осы Кодекстің 75-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында аталған бейрезидент-заңды тұлға салық төлеуші ретінде тіркелу үшін осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген эмитент-заңды тұлғаның немесе резидент-заңды тұлғаның орналасқан жеріндегі салық органына осы баптың 4-тармағында белгіленген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынуға міндетті.
14. Қазақстан Республикасында аккредиттелген, шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі, шет мемлекеттің консулдық мекемесі салық төлеуші ретінде тіркелуге жатады. Салық төлеуші ретінде тіркелу үшін мұндай өкілдік немесе мекеме өзінің орналасқан жеріндегі салық органына Қазақстан Республикасында аккредиттелгенін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 15-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 15-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15. Осы баптың 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 12, 13 және 14-тармақтарында көрсетілген тұлғаларға сәйкестендіру нөмірі мен тіркеу куәлігін қалыптастыру мақсатында салық органы тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде тіркеуші органға электрондық хабарлама жібереді.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 16-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 16-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16. Тіркеуші орган салық органдарының электрондық хабарламасы алынған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, салық органдарына осы баптың 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 12, 13 және 14-тармақтарында көрсетілген бейрезиденттерге сәйкестендіру нөмірінің берілгені туралы электрондық хабарлама жібереді.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 17-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17. Осы баптың 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 12, 13 және 14-тармақтарында аталған бейрезиденттерді салық төлеушілер ретінде тіркеуді салық органы осы Кодекстің 75-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тіркеу куәлігін бере отырып жүзеге асырады.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 18-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18. Осы Кодекстің 75-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында аталған, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алған бейрезидент-заңды тұлғаның тіркеу куәлігі осы Кодекстің 650-бабы 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие резиденттің немесе консорциумның орналасқан жеріндегі салық органында бейрезидент-заңды тұлға оны талап еткенге дейін сақталады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 19-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 19-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19. Осы баптың 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 12, 13 және 14-тармақтарында көрсетілген, сәйкестендіру нөмірлері бар бейрезиденттерге қатысты уәкілетті мемлекеттік органнан мәліметтер, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш алынған жағдайда, салық органының сәйкестендіру нөмірі мен тіркеу куәлігін қалыптастыру мақсатында тіркеуші органға электрондық хабарлама жіберуі жүргізілмейді. Бұл ретте осы Кодекстің 75-бабы 2-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген тұлғаларды тіркеу есебіне қою олардың тәуелді агенттерінің тұрған жері бойынша жүзеге асырылады.
77-бап. Салық төлеушiлердің мемлекеттік дерекқорындағы тiркеу деректерін өзгерту және толықтыру
1. Салық органдары салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде ұсынылған, мыналардың:
1) жеке тұлғаның тіркеу деректеріне - Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде;
2) резидент-заңды тұлғаның және оның құрылымдық бөлімшесінің, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің тіркеу деректеріне - Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері немесе тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініштің негізінде;
3) Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның тіркеу деректеріне - тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш негізінде;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) осы Кодекстің 650-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие тұлғаның орналасқан жері өзгерген кезде, осы Кодекстің 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын бейрезидент-заңды тұлғаның тіркеу деректеріне - осындай бейрезидентті салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініштің немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыреті шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың осы Кодекстің 650-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерін бейрезидент-заңды тұлғаның сатып алуы туралы мәліметтері негізінде;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) резидент-заңды тұлғаның орналасқан жері өзгерген кезде 75-баптың 2-тармағының 5) тармақшасында аталған бейрезидент-заңды тұлғаның тіркеу деректеріне - Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің осындай резидент туралы мәліметтері негізінде;
6) Қазақстан Республикасында аккредиттелген, шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгінің, шет мемлекеттің консулдық мекемесінің тіркеу деректеріне - тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш негізінде;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) қызметін осы Кодекстің 220-бабының 3-тармағына сәйкес бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекемесi ретінде қаралатын тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның тіркеу деректеріне - тәуелді агенттің салық органына ұсынған салықтық өтініші негізінде;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) резидент-банкте ағымдағы шоты бар бейрезидент- заңды тұлғаның тіркеу деректеріне - банк хабарламасы негізінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жүзеге асырады.
2. Заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің бюджетпен есеп айырысулар бойынша жауапты қызметкері, телефон нөмірі, электрондық поштасының мекенжайы туралы мәліметтерді өзгерту тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш негізінде жүзеге асырылады.
3. Салық төлеушілердің банктік шоттары туралы мәліметтерді өзгерту банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодекстің 24-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде ұсынылған мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.
4. Салық төлеушінің тіркеу деректерін өзгерту үшін салықтық өтініш салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жеріндегі салық органына өзгерістер туындаған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.
5. Салық органдары салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің, уәкілетті мемлекеттік органдардың, банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мәліметтерін, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
78-бап. Салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан алып тастау
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Салық органдары салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтері негізінде немесе салықтық өтініш бойынша мынадай себептермен:
1) жеке тұлғаның қайтыс болуы немесе қайтыс болды деп жариялануы;
2) орындалмаған салықтық міндеттемелер не Қазақстан Республикасының аумағында салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер болмаған жағдайда, жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуі және азаматтығын тоқтатуы;
3) 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) заңды тұлғалардың, олардың құрылымдық бөлімшелерінің
Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталуы немесе заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің есептік тіркеуден шығарылуы;
5) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тиімді басқару орнының (нақты басқару органының орналасқан жерінің) өзгеруі;
6) бейрезиденттің тұрақты мекеме арқылы қызметін тоқтатуы;
7) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында қызметін тоқтатуы;
8) егер осы Кодекстің 75-бабы 2-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында аталған бейрезиденттің Қазақстан Республикасында өзге салық салу объектісі болмаған жағдайда, мұндай бейрезиденттің мүлікке, акцияларға және (немесе) қатысу үлестеріне құқықтарының тоқтатылуы;
9) Қазақстан Республикасында аккредиттелген, шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгі, шет мемлекеттің консулдық мекемесі қызметінің тоқтатылуы;
10) осы Кодекстің 220-бабының 3-тармағына сәйкес бейрезиденттiң тұрақты мекемесi ретінде қаралатын Қазақстан Республикасындағы тәуелді агент арқылы осы бейрезидент қызметінің тоқтатылуы;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) резидент-банкте ағымдағы шотты ашу мақсатында салық төлеуші ретінде тіркелген бейрезидент-заңды тұлғаға, банк хабарламасы алынған күннен бастап алты ай ішінде осындай бейрезиденттің резидент-банктерде ағымдағы шоттары болмаған, сондай-ақ ағымдағы шоттарды ашуы туралы мәліметтер болмаған жағдайда, жабылуы бойынша алып тастайды.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Салық органы осы Кодекстің 75-бабы 2-тармағының 3) - 11) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларды салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан алып тастау мақсатында тіркеуші органға:
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаны - тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш негізінде;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) осы Кодекстің 650-бабына сәйкес мүлікті, акцияларды, бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алатын (өткізетін), табыс салығын есептейтін салық агенті болып табылатын бейрезидент-заңды тұлғаны - тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш негізінде;
3) 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасында аккредиттелген, шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгін, шет мемлекеттің консулдық мекемесін - сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның Қазақстан Республикасында аккредиттелген, шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігінің, шет мемлекеттің консулдық мекемесінің қызметін тоқтатуы туралы мәліметтері негізінде;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) осы Кодекстің 75-бабы 2-тармағының 8) тармақшасында аталған бейрезидент-заңды тұлғаны - тәуелді агенттің тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініші негізінде;