(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛ...

Предыдущая страница

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) резидент-банкте ағымдағы шоты бар бейрезидент-заңды тұлғаны - бейрезиденттің ағымдағы шотының жабылуы туралы банк хабарламасы негізінде тіркеу есебінен шығару туралы электрондық хабарлама жібереді.

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Салық органдары осы баптың 2-тармағында көрсетілген бейрезиденттер туралы мәліметтер көрсетілген электрондық хабарламаны тіркеуші органға тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш, банк хабарламасы алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынады.

4. Салық органы салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан алып тастауды салық төлеушінің орындалмаған салықтық міндеттемелері болмаған жағдайда сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәліметтерінің негізінде жүргізеді.

 

 

2-параграф. Дара кәсіпкерді және жеке практикамен айналысатын адамды тіркеу есебі

 

79-бап. Дара кәсіпкер және жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебіне қою

2021.24.06. № 53-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою үшін жеке тұлға Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен салық органына хабарлама жібереді.

Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген хабарлама арнаулы мобильді қосымша арқылы жіберілуі мүмкін.

2. Салық органдары Қазақстан Республикасының заңнамасымен дара кәсiпкерлікті жүзеге асыруға тыйым салынған жеке тұлғаны дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiне қоюды жүргiзбейдi.

2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Жеке тұлғаны жеке практикамен айналысатын адам ретiнде тiркеу есебiне қою нотариаттық қызметтi, атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi қызметтi, адвокаттық қызметтi, дауларды медиация тәртібімен реттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру басталғанға дейiн сервистік бағдарламалық өнімдер арқылы электрондық нысанда ұсынылған, жеке тұлғаның жеке практикамен айналысатын адамды тiркеу есебiне алу туралы салықтық өтiнiшi негiзiнде жүргiзiледi.

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Салық органдары салықтық өтініш алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жеке тұлғаны жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебіне қоюды жүргізеді.

 

80-бап. Дара кәсіпкердің және жеке практикамен айналысатын адамның тіркеу деректерін өзгерту

1. Салық органы тіркеу деректерін өзгертуді:

1) дара кәсіпкер Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен ұсынатын хабарлама;

2) жеке практикамен айналысатын адамның тіркеу есебі туралы салықтық өтініші негізінде жүргізеді.

2. Дара кәсіпкер осы баптың 1-тармағында көрсетілген хабарламаны орналасқан жеріндегі салық органына өзінің тіркеу деректері және (немесе) бірлескен кәсіпкерліктің қатысушылары (мүшелері) туралы деректер өзгерген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынуға міндетті.

2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Жеке практикамен айналысатын адам осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті өзінің тұрған жері өзгерген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей сервистік бағдарламалық өнімдер арқылы электрондық нысанда ұсынуға міндетті.

4. Салық органы тіркеу деректерін өзгертуді тіркеу деректерін өзгерту үшін ұсынылған хабарламаны алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Салық органы жеке практикамен айналысатын адамның тұрған жері туралы мәліметтерді өзгертуді тіркеу деректерін өзгерту үшін ұсынылған салықтық өтінішті алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.

 

81-бап. Дара кәсіпкер және жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінен шығару

1. Салық органы жеке тұлғаны дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығаруды осы Кодексте айқындалған тәртіппен және (немесе) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізеді.

2. Салық органы жеке тұлғаны жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінен шығаруды осы Кодекстің 66-бабында айқындалған тәртіппен жүргізеді.

3. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық органы орындалмаған салықтық міндеттемелер болмаған жағдайда, жеке тұлғаны дара кәсіпкер және жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінен шығаруды жүргізеді.

4. Салық төлеуші өзінің тұрған жеріндегі салық органында өзінің дара кәсіпкер және жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінен шығарылғаны (шығарудан бас тартылтылғаны) туралы жазбаша растау алуға құқылы.

 

 

3-параграф. Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі

 

82-бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою

1. Мыналарды:

1) мемлекеттік мекемелерді;

2) резидент-заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерін;

3) 2019 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін осындай арнаулы салық режимі қолданылатын қызметі бойынша қолданатын салық төлеушілерді қоспағанда, резидент-заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар осы бапта айқындалған тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатады.

Салық кодексін қолданысқа енгізу туралы Заңының 7-1-бабын қараңыз

2. Егер қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою мақсаттары үшiн айналымның мөлшері күнтізбелік жыл ішінде ең төмен айналымнан асып кеткен жағдайда, осы баптың 1-тармағында аталған, қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қоюға жататын тұлғалар орналасқан жеріндегі салық органына қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті беруге міндетті.

Салықтық өтініш айналым мөлшерінің ең төмен айналымнан асып кетуі туындаған ай аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей мына тәсілдердің бірімен:

1) өзі келу тәртібімен қағаз жеткізгіште;

2) электрондық нысанда беріледі.

2-тармақтың үшінші бөлігі 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

Салықтық өтінішті электрондық нысанда беру туралы ереже тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекел деңгейі жоғарғы салық төлеушілерге қолданылмайды.

Айналым мөлшерін:

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) жаңадан құрылған резидент-заңды тұлғалар, бейрезидент Қазақстан Республикасында қызметін солар арқылы жүзеге асыратын филиалдар, өкілдіктер - тіркеуші органда мемлекеттік (есептік) тіркелген күннен бастап;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) салық органдарында дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар ретінде жаңадан тіркеу есебіне тұрған жеке тұлғалар - салық органдарында тіркеу есебіне қойылған күннен бастап;

3) ағымдағы күнтiзбелiк жылда салық органының шешiмi негiзiнде қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарылған салық төлеушiлер - салық органының шешiмi негiзiнде қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарылған күннен кейiнгi күннен бастап;

4) өзге де салық төлеушілер - ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап, өсу қорытындысы бойынша айқындайды.

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою мақсаттары үшін айналым мөлшері осы Кодекстің 369-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген айналымдардың сомасы ретінде айқындалады.

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою мақсаттары үшін бюджетпен есеп айырысуларды шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимінде жүзеге асыратын салық төлеуші айналымды айқындау кезінде осы арнаулы салық режиміне жататын қызметті жүзеге асырудан түсетін өткізу бойынша айналымды есепке алмайды.

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Ең төмен айналым республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 20 000 мың еселенген мөлшерін құрайды.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген ең төмен айналымға оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 124 184 еселенген мөлшері шегіндегі, үш құрамдасты интеграцияланған жүйе міндетті түрде қолданыла отырып, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нысанында жасалған айналымдары қосылмайды.

Ең төмен айналымға бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушінің айналымдары да қосылмайды.

5. Егер құрылтайшы сенімгерлік басқару шарты бойынша не пайда алушы сенімгерлік басқару туындаған өзге де жағдайларда қосылған құн салығын төлеуші болып табылса, сенімгерлік басқарушы орналасқан жеріндегі салық органына сенімгерлік басқару шартын жасасқан күннен не сенімгерлік басқарудың туындауына негіз болып табылатын өзге де құжат күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өзі келу тәртібімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішті беруге міндетті. Өзге жағдайларда мұндай құрылтайшыны немесе пайда алушыны, сондай-ақ сенімгерлік басқарушыны міндетті түрде есепке қою осы баптың 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішті Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасының, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің бірінші басшысы, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам орналасқан жеріндегі салық органына осы баптың 2-тармағында айқындалған тәртіппен береді.

Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш берген күннен бастап қосылған құн салығын төлеушiлерге айналады.

Салық органы салықтық өтiнiш берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды жүргізеді.

7. Осы баптың 2-тармағында айқындалған тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiшті ұсынбаған, осы баптың 1-тармағында көрсетілген, тұлға анықталған кезде салық органы мұндай салық төлеушіні анықтаған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей оған осы Кодекстің 115-бабында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жібереді.

8. Салық төлеушi осы баптың 7-тармағына сәйкес жіберілген салық органының хабарламасы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiшті ұсынбаған жағдайда, осы Кодекстің 115-бабының 5-тармағында белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін салық органы осы Кодекстің 118-бабында айқындалған тәртіппен салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.

 

83-бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 82-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатпайтын тұлғалар мынадай тәсілдердің бірімен:

1) өзі келу тәртібімен, қағаз жеткізгіште;

2) электрондық нысанда;

3) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде резидент-заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішті беру жолымен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұруға құқылы.

1-тармақтың екінші бөлігі 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

Осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережесі тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекел деңгейі жоғарғы салық төлеушілерге қолданылмайды.

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде тұруға:

дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар болып табылмайтын жеке тұлғалардың;

мемлекеттік мекемелердің;

Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын бейрезиденттердің;

резидент-заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің;

ойын бизнесі салығы салынуға жататын қызметі бойынша осы Кодекстің 534-бабында аталған тұлғалардың;

осы Кодекстің 424-бабының 4-тармағында көзделген салықтық міндеттемелерді орындамаған салық төлеушілердің құқығы жоқ.

2. Салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті жасай отырып, салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды жүргізеді.

Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар:

1) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалар үшін - қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш берген күннен бастап;

2) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында аталған тұлғалар үшін - Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қосылған құн салығын төлеушілерге айналады.

 

84-бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою фактісін куәландырады, мерзімсіз болып табылады және салық органының лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынылады. Куәліктің нысанын уәкілетті орган белгілейді.

2. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк мынадай міндетті деректемелерді:

1) салық төлеушiнің атауын және (немесе) тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

2) сәйкестендіру нөмірін;

3) салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою күнін;

4) куәлікті жасаған салық органының атауын қамтиды.

3. Салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк жарамсыз деп есептеледі.

4. Салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті ауыстыруды қосылған құн салығын төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауы өзгерген жағдайда - салық төлеуші тегінің, атының, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауының өзгергені туралы сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдерінің мәліметтері негізінде үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.

 

85-бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару үшін қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті орналасқан жеріндегі салық органына, бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:

1) егер салықтық өтініш берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін салық салынатын айналым мөлшері осы Кодекстің 82-бабының 4-тармағында белгіленген өткізу бойынша ең төмен айналымнан аспаса;

2) егер мұндай салықтық өтініш берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың басынан бергі кезеңі үшін салық салынатын айналым мөлшері осы Кодекстің 82-бабында белгіленген өткізу бойынша ең төмен айналымнан аспаса, беруге құқылы.

Осы тармақтың ережесі өздеріне қатысты банкроттық рәсімі қолданылған салық төлеушілерге қолданылмайды.

Салық кодексін қолданысқа енгізу туралы Заңының 7-2-бабын қараңыз

Қосылған құн салығын төлеуші бөлшек салықтың арнаулы салық режиміне ауысуына байланысты қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару үшін осындай арнаулы салық режимін қолдану басталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген шарттарды сақтамай-ақ осы тармақта көрсетілген салықтық өтінішті береді.

2. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген салықтық өтiнiшке қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясы қоса беріледі.

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық органдары осы баптың 2-тармағында белгіленген талап сақталған кезде, салық төлеушінің салықтық өтініш берген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығаруды жүргізуге міндетті. Осындай салық төлеушінің салық органына салықтық өтініш берген күні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған күн болып табылады.

Салық органдары салық төлеушінің салықтық өтініш берген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарудан мынадай:

1) салықтық өтініш берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін салық төлеушінің салық салынатын айналым мөлшері осы Кодекстің 82-бабының 4-тармағында белгіленген өткізу бойынша ең төмен айналымнан асып кеткен;

2) мұндай салықтық өтініш берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бергі кезең үшін салық төлеушінің салық салынатын айналым мөлшері осы Кодекстің 82-бабының 4-тармағында белгіленген өткізу бойынша ең төмен айналымнан асып кеткен жағдайларда, бас тартады.

Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 213-бабының 1-тармағында, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының үшінші бөлігінде айқындалған тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару мақсатында осындай тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті ұсынған салық төлеушілерге қолданылмайды.

Салық органдары осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген салық төлеушіні бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану басталған күннен бастап қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығаруға міндетті.

Уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарудан бас тарту туралы шешім мұндай бас тартудың себебі көрсетіле отырып, салық төлеушіге жеке қолын қойдыру арқылы немесе жіберу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылады.

4. Уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, салық органының шешімі негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару, салық төлеушіні хабардар етпестен, мынадай:

2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы немесе ойын бизнесі бойынша салықтық есептілікті осы Кодексте оны ұсынудың белгіленген мерзімінен кейін алты ай өткен соң ұсынбаған;

2) жазбаша түсінік ұсыну үшін осы Кодекстің 70-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнің соңғы күніне салық төлеушіде ашылған банктік шоттар болмаған жағдайда, мұндай салық төлеуші осы Кодекстің 70-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген талапты орындамаған;

3) салық төлеуші осы Кодекстің 70-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талапты орындамаған;

4) заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеу жарамсыз деп танылған;

5) заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде заңды тұлғаны қайта тіркеу жарамсыз деп танылған;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді

6) егер заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) немесе дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам:

әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен жеке тұлға;

егер қайтыс болған (қайтыс болды деп жарияланған) кезден бастап алты ай өткен жағдайда, қайтыс болған (қайтыс болды деп жарияланған);

1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-1, 216 және 222-баптары бойынша жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға;

2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216, 238 және 245-баптары бойынша жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға;

іздеу салынған жеке тұлға;

болу мақсаты Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асырумен байланысты емес не Қазақстан Республикасының аумағында болуға рұқсат етілген мерзімі өткен шетелдік-жеке тұлға немесе азаматтығы жоқ адам;

әрекет етпейтін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

әрекет етпейтін заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылған;

7) осы Кодекстің 91-бабында айқындалған тәртіппен салық төлеуші әрекет етпейтін деп танылған жағдайларда, жүргізіледі.

5. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешімді салық төлеушiнің орналасқан жеріндегі салық органы:

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, осы баптың 4-тармағының 1), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады.

Осы баптың 4-тармағы 6) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарында көрсетілген жағдайларда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешімді салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады;

2) осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, осы Кодекстің 70-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап;

3) осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, осы Кодекстің 70-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап;

4) салық органы соттың дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеуді жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген шешімін алған күннен бастап;

5) салық органы соттың заңды тұлғаны қайта тіркеуді жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген шешімін алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады.

6. Қосылған құн салығын төлеуші салық органының шешімі бойынша:

1) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 7) тармақшаларында аталған тұлғалар үшін - осы шешім шығарылған күннен бастап;

2) осы баптың 4-тармағының 4) тармақшасында аталған тұлғалар үшін - қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылған күннен бастап;