7. Салық органы кешенді немесе тақырыптық тексеру жүргізіп отырған салық төлеушімен (салық агентімен) операцияларды жүзеге асырған тұлғаларға салық органдары көрсетілген тұлғалардан осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу мақсатында сұрау салулар жіберуге құқылы.
Осы тармақта көрсетілген сұрау салуларды жіберу, сондай-ақ осындай сұрау салулар бойынша тұлғалардың мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
1. Салық органы салықтардың, бюджетке төленетiн төлемдердің және әлеуметтік төлемдердің барлық түрі бойынша салықтық міндеттеменің орындалу мәселелері бойынша салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты жүргізетін тексеру кешенді тексеру болып табылады.
2. Кешенді тексеруге тақырыптық тексеру мәселелері, оның ішінде мынадай мәселелер:
банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мiндеттердi орындауы;
халықаралық шарттардың (келiсiмдердiң) ережелерiн қолданудың құқыққа сыйымдылығы;
трансферттiк баға белгiлеу;
акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірісін және айналымын, сондай-ақ авиациялық отынның, биоотынның, мазуттың айналымын мемлекеттік реттеу;
орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы бойынша өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
3. Салық төлеуші (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі) таратылған (қызметін тоқтатқан) кезде салықтық тексерулер тек қана кешенді тексеру (бұдан әрі - таратудың салықтық тексеруі) нысанында жүргізіледі.
Салық төлеушінің осындай тексеруді жүргізуге арналған салықтық өтінішті ұсыну жағдайларын қоспағанда, резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі тіркеу есебінен шығарылған кезде кешенді тексеру жүргізілмейді.
1. Тақырыптық тексеру - салық органы салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты мынадай мәселелер:
1) салықтардың және (немесе) бюджетке төленетiн төлемдердiң жекелеген түрлерi бойынша салықтық мiндеттеменi орындау;
2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы және (немесе) акциз бойынша салықтық мiндеттемені орындау;
3) сот жасалуын іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жүзеге асырылды деп таныған шот-фактура жазып беру жөніндегі әрекет (әрекеттер) бойынша салықтық міндеттемені айқындау;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей шот-фактураларды жазып беру жөніндегі әрекеттерді жасау фактісі бойынша өзіне (өздеріне) қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан салық төлеушімен (салық төлеушілермен) өзара есеп айырысу бойынша салықтық міндеттемені айқындау;
2023.12.12. № 45-VIII ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 12 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
3-2) салық органы өзіне қатысты осы Кодекстің 120-1-бабында көзделген шектеулерді қолданған салық төлеушімен (салық төлеушілермен) өзара есеп айырысулар бойынша салықтық міндеттемені айқындау;
4) салық төлеушi мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау;
5) халықаралық шарттардың (келiсiмдердiң) ережелерiн қолданудың құқыққа сыйымдылығы;
6) қосылған құн салығының асып кету сомаларының, оның ішінде қайтару ұсынылған соманың анықтығын растау;
7) бейрезидент қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарттың ережелерін қолдануға байланысты бюджеттен қайтаруды ұсынған табыс салығын растау;
8) бейрезиденттiң қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт ережелерін қолдануға байланысты бюджеттен табыс салығын қайтаруға арналған салықтық өтiнiшiн қайтадан қарау туралы өтінішінде жазылған;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.12.12. № 45-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 12 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді
9) осы Кодекстiң 96-бабында айқындалған тәртiппен камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы салық органдарының хабарламасында көрсетілген бұзушылықтардың бар-жоғын растауы;
10) осы Кодекстiң 29-бабында көзделген талаптардың орындалуы;
11) салық төлеушiнiң (салық агентінің) тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға шағымында жазылған;
12) салық органдарында тiркеу есебiне қою;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) бақылау-касса машиналарының немесе үш құрамдасты интеграцияланған жүйенің болуы;
14) төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;
15) тармақша 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) мынадай:
тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында халықаралық автомобиль тасымалдарымен жүзеге асырылатын алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде;
тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердiң және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде;
тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердiң және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң аумағына әкеткен кезде тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың болуы және тауарлар атауының, санының (көлемінің) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі;
16) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң аумағына әкету кезінде Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру үшін қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген құжаттардың болуы және тауарлардың құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі;
17) тармақшаның қолданысы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 20-бабының редакциясында қолданылды
2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17) сәйкестендіру құралдарының және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы;
18) автокөлік құралдарын көліктік бақылау немесе жол полициясы бекеттерінде тексеру кезінде импортталатын тауарларға тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауар атауларының тауар-көлік жүкқұжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі;
19) бақылау-касса машиналарын қолдану тәртiбiн сақтау;
20) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын және акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн өндiру, сақтау және өткiзу шарттарын сақтау;
21) касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкiмді орындау;
22) электрондық нысанда шот-фактураларды жазып беру тәртібін сақтау;
23) Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуына байланысты кедендік баждардың төмендетілген мөлшерлемелері қолданылатын тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлар қалдықтарының болуын растау;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 24) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
24) ірі салық төлеушілер мониторингі шеңберінде шешімді орындамау;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 25) тармақшамен толықтырылды
25) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және (немесе) заңнамасына сәйкес міндетті таңбалауға жататын тауарлар бойынша тауарда сәйкестендіру құралының болуы және оның төлнұсқалылығы мәселелерi бойынша жүргiзетiн тексеру болып табылады.
2. Тақырыптық тексеру мынадай:
1) әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстап қалу мен аударудың толықтығы және уақтылы болуы;
2) банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мiндеттердi орындауы;
3) трансферттiк баға белгiлеу;
4) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын, сондай-ақ авиациялық отынның, биоотынның, мазуттың айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша да жүргізілуі мүмкін.
3. Тақырыптық тексеру осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген бірнеше мәселе бойынша бір мезгілде жүргізілуі мүмкін. Тақырыптық тексеру салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің барлық түрі бойынша міндеттемелердің орындалуына тексеру жүргізуді көздей алмайды.
4. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiмен келісу бойынша осындай бiрлестiктердiң өкiлдерi осы баптың 1-тармағының 12) - 18) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша тақырыптық тексерулердi жүргiзу кезінде қатысуға тартылуы мүмкін.
Жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің өкілдері көрсетілген тақырыптық тексерулерді жүргізу кезінде салық төлеуші құқықтарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Тақырыптық тексеру актісінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері өкілдерінің қатысу фактісі тіркеледі.
5. Салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген тұрған жері бойынша және (немесе) салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша салық органының шешімі негізінде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, осы баптың 1-тармағының 12) - 23) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша тақырыптық тексерулер тағайындалады.
6. Тақырыптық тексеру осы Кодекстің 145-бабы 3-тармағының 2) немесе 7) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған кезде осы баптың 1-тармағының 1) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша бір мезгілде жүргізіледі.
1. Салық органы кешенді немесе тақырыптық тексеру жүргізіп отырған салық төлеушімен (салық агентімен) операцияларды жүзеге асыратын тұлғаларды салық органының осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу, көрсетілген салық төлеушіні (салық агентін) тексеру барысында туындайтын мәселелер бойынша операциялар мазмұны мен фактісін растау мақсатында тексеруі қарсы тексеру болып табылады.
2. Қарсы тексеру кешенді немесе тақырыптық тексеруге қатысты қосалқы тексеру болып табылады.
Қарсы тексерулер уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тағайындалады.
тараптардың бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын, салық немесе құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге), сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердің салық немесе құқық қорғау органдарының, халықаралық ұйымдардың сұрау салулары бойынша;
камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған қосылған құн салығы жөніндегі салықтық міндеттеме бойынша және осындай операцияларға байланысты бұзушылықтарды жоймаған не осындай бұзушылықтардың жоқ екенін растамайтын түсіндіру ұсынған салық төлеушімен (салық агентімен) операцияларды жүзеге асыратын адамдарға қатысты жүргізілетін тексеру де танылады.
144-бап. Хронометраждық зерттеп-қарау
1. Салық органы салық төлеушінің зерттеп-қарау жүргізілетін кезең ішіндегі нақты кірісін және кіріс алуға бағытталған қызметпен байланысты нақты шығындарын анықтау мақсатында жүргізетін тексеру хронометраждық зерттеп-қарау болып табылады.
2. Салық органы хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу туралы шешімді уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша және (немесе) салық салу объектiсiнің және (немесе) салық салуға байланысты объектiнің орналасқан жері бойынша шығарады.
145-бап. Салықтық тексерулердің түрлері
1. Салықтық тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулер;
2) жоспардан тыс салықтық тексерулер.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Салық органдары салықтық есептілікті, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушілердің (салық агенттерінің) қызметі бойынша ресми және ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты тағайындайтын тексерулер тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулер болып табылады.
Уәкілетті органның шешімімен бекітілген жартыжылдық график тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулер тағайындауға негіз болып табылады.
Тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктеріне өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Уәкілетті орган тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық графигін тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейінгі мерзімде интернет-ресурста орналастырады.
3. Жоспардан тыс салықтық тексерулер - осы баптың 2-тармағында көрсетiлмеген, оның iшiнде:
1) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) өзiнiң салықтық өтiнiшi немесе шағымы бойынша, оның ішінде:
резидент-заңды тұлғаның, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнiң бөлiну арқылы қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына байланысты;
бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметiн тоқтатуына байланысты;
дара кәсiпкер қызметiнiң тоқтатылуына байланысты;
қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен алынуына байланысты;
салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға шағымына байланысты;
2) салық төлеушінің осы Кодекстің 432-бабының 1 және 2-тармақтарын өздеріне қолдануға байланысты ұсынылатын қосылған құн салығының асып кетуі сомаларының анықтығын растау жөніндегі салықтық өтініші бойынша жүзеге асырылатын тексерулер болып табылады.
Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген салықтық өтініштер:
өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлар пайдалануға қабылдап алынған;
жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбаларды экспорттау басталған күнге дейін берілуі мүмкін;
3) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнде көзделген негiздер бойынша;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) салық төлеушi (салық агенті) осы Кодекстiң 96-бабында айқындалған тәртiппен салық органдарының камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған тәуекел дәрежесі орташа бұзушылықтарды жою туралы хабарламасын орындамаған жағдайда;
Осы тармақшаның ережесі осы Кодекстің 96-бабының 4-1-тармағында көрсетілген кезеңде және жоғары тұрған салық органы және (немесе) уәкілетті орган немесе сот осы Кодекстің 96-бабының 4-тармағында көрсетілген шешімге шағымды қараған кезеңде қолданылмайды.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) жер қойнауын пайдалану құқығын жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне қайта ресімдеу жағдайларын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты;
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселелері бойынша;
7) қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған асып кету сомаларының анықтығын растау бойынша қосылған құн салығы жөніндегі декларациядағы салық төлеушiнiң талабы бойынша;
8) бейрезиденттiң қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға байланысты бюджеттен табыс салығын қайтаруға арналған салықтық өтiнiшi бойынша, сондай-ақ бейрезиденттің осындай салықтық өтінішті қайтадан қарау туралы өтініш жасауына байланысты;
9) банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында, сондай-ақ орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген мiндеттердi орындау мәселелерi бойынша;
10) сот жасалуын іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жүзеге асырылды деп таныған шот-фактура жазып беру жөніндегі әрекет (әрекеттер) бойынша салықтық міндеттемені айқындау мәселелері бойынша;
11) уәкілетті органның шешімі негізінде;
12) осы Кодекстің 142-бабының 5-тармағында, 144-бабының 2-тармағында және осы баптың 7-тармағында белгіленген жағдайларда салық органының шешімі негізінде жүзеге асырылатын тексерулер болып табылады.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген жоспардан тыс салықтық тексерулер бұрын тексерілген кезеңге жүзеге асырылуы мүмкін.
Бұл ретте бұрын тексерілген кезеңге жоспардан тыс (кешенді немесе тақырыптық) салықтық тексерулер:
салық төлеушінің (салық агентінің) өзінің өтініші бойынша;
қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының асып кету сомаларын қайтару туралы талап бойынша;
салық төлеушінің осы Кодекстің 432-бабының 1 және 2-тармақтарын өздеріне қолдануға байланысты ұсынылатын қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау жөніндегі салықтық өтініші бойынша;
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша;
салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымына байланысты жүргізілетін салықтық тексерулерді қоспағанда, уәкілетті органның шешімі негізінде жүргізіледі.
5. Салық төлеуші (салық агенті) сотқа тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым берген жағдайда, бұрын тексерілген кезеңге шағым жасалған мәселе бойынша жоспардан тыс кешенді және (немесе) тақырыптық тексерулер сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін жүргізілмейді.
6-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6. Салық төлеуші деңгейлес мониторингте болған салықтық кезеңдерге мыналарды:
қарсы тексерулерді;
салық төлеушінің (салық агентінің) өзінің өтініші бойынша жүргізілетін салықтық тексерулерді;
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша жүргізілетін салықтық тексерулерді;
салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымына байланысты жүргізілетін салықтық тексерулерді қоспағанда, салықтық тексеру жүргізілмейді.
7. Қосымша нұсқама ресімдеу арқылы тексерілетін кезең өзгертілген және осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі өткенге дейін тексерілетін кезеңге салықтық тексеру аяқталған жағдайда, алдыңғы салықтық тексеруді тағайындауға себеп болған негіздер бойынша салық органы тексерілетін кезең өзгергенге дейін бұрын нұсқамада көрсетілген, тексерілмеген салықтық кезеңге салықтық тексеруді тағайындауы мүмкін.
2-параграф. Салықтық тексерулерді жүргізу тәртібі мен мерзімдері
146-бап. Салықтық тексерулерді жүргiзу мерзiмi
1. Нұсқамада көрсетілетін салықтық тексерулерді жүргізу мерзімі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, нұсқама табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.
2. Салықтық тексеруді жүргізу мерзімін:
1) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, құрылымдық бөлімшелері жоқ заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер және Қазақстан Республикасында біреуден аспайтын тұрған жері болған кезде қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер үшін:
салықтық тексеруді тағайындаған салық органы - қырық бес жұмыс күніне дейін;
жоғары тұрған салық органы - алпыс жұмыс күніне дейін;
2) құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар және Қазақстан Республикасында біреуден астам тұрған жері болған кезде қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, сондай-ақ салықтық мониторингке жататын салық төлеушілер үшін:
салықтық тексеруді тағайындаған салық органы - жетпіс бес жұмыс күніне дейін;
жоғары тұрған салық органы бір жүз сексен жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін.
3. Уәкілетті орган өзі тағайындаған салықтық тексеру мерзімін:
1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін - алпыс жұмыс күніне дейін;
2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін бір жүз сексен жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін.
4. Салықтық тексеруді жүргізу мерзімінің өту барысын салық органдары:
салық органының мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну туралы талаптарын салық төлеушіге (салық агентіне) табыс ету және салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеруді жүргізу кезінде сұратылған мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынуы;
салық органының сұрау салуын басқа аумақтық салық органдарына, мемлекеттік органдарға, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға жіберу және көрсетілген сұрау салу бойынша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды алу;
шет мемлекеттерге ақпарат беру туралы сұрау салу жіберу және халықаралық келісімдерге сәйкес салық органдарының ол бойынша мәліметтер алуы;
салықтық тексерудің алдын ала актісіне салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша қарсылықты дайындауы және оны салық органының Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қарауы кезеңінде тоқтата тұруы мүмкін.
Бұл ретте салықтық тексеруді жүзеге асыратын салық органы салықтық тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабарламаны салық төлеушіге (салық агентіне) құқықтық статистика органын хабардар ете отырып, тоқтата тұру немесе қайта бастау күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оған қолын қойғызып табыс етуге немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы не электрондық тәсілмен жіберуге міндетті. Бұл ретте салықтық тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабарлама салық органы веб-қосымшаға осындай хабарламаны жеткізген күннен бастап электрондық тәсілмен салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етілді деп есептеледі. Бұл электрондық тәсіл осы Кодекстің 86-бабында айқындалған тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген салық төлеушіге қолданылады.
5. Осы баптың 4-тармағында белгіленген негіздер бойынша тоқтата тұру мерзімі:
1) салықтық мониторингке жататын салық төлеушілерді;
2) резидент-заңды тұлғаның, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің таратылуына, бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметін тоқтатуына, дара кәсіпкер қызметінің тоқтатылуына байланысты жүргізілетін;
трансферттік баға баға белгілеу;
қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған асып кету сомаларының анықтығын растау;