(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЭКСТЕРНАТ НЫСАНЫНДА ОҚЫТУ ЖӘНЕ «НЕГІЗГІ ОРТА, ЖАЛПЫ...

Экстернат нысанында оқыту және «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 61 бұйрығы

(2022.22.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 7 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.29.05. № 225 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.05.10. № 540 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2020.29.05. № 225 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Қоса берілген Экстернат нысанында оқыту және «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары бекітілсін.

2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.